Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Астық тұқымдастар - бағалы азықтық өсімдіктер
Биология 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: «Астық тұқымдастар - бағалы азықтық өсімдіктер».
Білімділік мақсаты: Оқушыларды астық тұқымдастардың түрлерімен таныстыра отырып, олардың адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Өсімдіктер дүниесін соның ішінде бағалы азықтық өсімдіктер астық тұқымдастардың - жергілікті жерде өсетін дәнді дақылдар екенін тану. Оларды қорғауға, оқушыларды еңбексүйгіштікке, диханшылық еңбегін қастерлеуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Сыни тұрғыдан ойлауы мен жазуын дамыта отырып, оқушының өз бетінше ізденуін, зерттеуін қалыптастыру мақсаттары қойылып, іздене отырып, әрі қарай дамытуға баулу.
Сабақтың әдісі: Білім меңгерту, сұрақ - жауап. тірек - сызба.
Сабақтың түрі: Баяндау, өзіндік жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек - сызба, слайд суреттері.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
4. Үйге тапсырма.
Үй тапсырмасын бекіту.

Сөйлемдерді толықтыр.
1). Пияз туыстастар............................................. класына жатады.
2). Пияз туыстастарға......................................... жатады.
3). Жемісі.............................................................................................
4) Пияз туыстас өсімдіктер..................... деп аталатын түрі өзгерген өркендер түзеді.
5) Бұл өсімдіктерде ерекше ұшпа заттар............................................................. болады.
6). Тамыр жүйесі.................................................................................................................

Бұл не?, Анықта.
Пиязшығы кішкене тілшелердің үйі ғана емес, оны көзге көрінбейтін күзетшілері қорғап тұратын әскери бекініс десе де болады. Пиязшықты кесіп қалсаң, сен оларды бостандыққа жібергенің, ал олар сенің мұрыныңды атқылайды, сөйтіп, сені тіпті жылатып та қояды. Мұндай көрінбейтін күзетшілерді не деп атайды және бұл қандай өсімдік?--------------------

Інжугүлге сәйкес келетін белгілерді тауып көрсет
Біржылдық өсімдік
Көпжылдық өсімдік
Жарықсүйгіш өсімдік
Көлеңкеге төзімді өсімдік
Гүлшоғыры - шашақ
Гүлшоғыры - күрделі шашақ
Гүлдері жел арқылы тозаңданады
Гүлдерінің шырыны болады
Гүлдері бунақденелілер арқылы тозаңданады
Улы өсімдік
Дәрілік өсімдік
Жемісі - жидек
Жемісі - сүйек
Сабағы болмайды
Сабағы - тамырсабақ

Жаңа сабақ: «Астық тұқымдастар - бағалы азықтық өсімдіктер».
Олардың 10 000-ға жуық түрі бар. Қазақстанда 418түрі өседі. Астық тұқымдастың көпшілігі шөптекті. Астық тұқымдастардың сабағы бунақталған цилиндр тәрізді. Астық тұқымдас өсімдігінің сабағын сабансабақ дейді. Жапырақтары қатар жүйкелі. Сабаққа кезектесіп орналасады. Астық тұқымдастардың гүлдері ұсақ, олар жинақталып күрделі гүлшоғыр түзеді. Гүлшоғыры - сыпыртқы гүл, күрделі масақ, сабақ, шашақ.

сыпыртқы Күрделі масақ
Собық Шашақ
Гүлдері көбінесе қосжынысты. Дара жарнақты гүлдер тек жүгеріде болады.
Азықтық Малазықтық
Құрылыс материалы Шикізат
арамшөп

Бидай - астық тұқымдас біржылдық өсімдік. Бидайдың тамыр жүйесі - шашақ тамырлы. Ол сабан сабақтарынан түптенеді. Мұның шаруашылық үшін маңызы зор. Бидайдың гүлшоғыры - күрделі масақ. Бидай өзін – өзі тозаңдандырады. Жемісі - дәнек. Отаны - Иран.

Күріш - биіктігі 50 - 150 см.-ге дейін жететін біржылдық өсімдік. Сабағы түптеніп өседі. Гүлшоғыры - ұзындығы 10 - 40 см. көп масақты сыпыртқыгүл. Масақшалары тік өседі, қысқа гүлсағақта бір ғана гүл болады.

Күріш - жылуды, ылғалды, жарықты және құнарлы топырақты сүйетін дақыл. Өсімді мерзімі 90 - 165 күнге созылады. Тұқымы +10 - 12 0с - да өсе бастайды. Сәл суық түссе өркендері тіршілігін тоқтатады. Күріш суда өседі.

Тұқымы себіле салысымен күріш егістігіне су жіберіп, топырақты суға қондырады. Өркендер көктеп шыққаннан кейін су деңгейі күріш сабағының төрттен үш биіктігіне дейін жеткізіледі.
4 - 6%май 9 - 12%нәруыз
65 - 75% ботқа палау В дәрумені

Көмірсу
Дүниежүзілік диханшылықта әр гектардан 24 ц күріш алған Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қызылту колхозының звено жетекшісі Ы. Жақаев Дүниежүзілік рекорд жасады. Күріштен мол өнім алған атақты күрішші Ы. Жақаев Екі мәрте Еңбек ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері әр гектардан 174Ц. күріш алған.

Жүгері - жүгері өте ертеден егіліп келеді. Отаны - Оңтүстік Америка. Жүгері бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. дара жынысты, ір үйлі өсімдік. Жүгері 12 - 14 – С - та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры – собық. Тамыр жүйесі – шашақ, қосалқы тамырлары болады.
Техникалық В, Е дәрумен
май
Мал азық Медицинада
Тамақ өнеркәсібінде
Тары - біржылдық азықтық өсімдік. Жылу сүйгіш, құрғақшылыққа төзімді. Гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына жиналған, гүл – қос жынысты – қос жынысты. Өздігінен тозаңданады. Отаны - Қытай. Тары жармалық дақыл ретінде өсіріледі Ш. Берсиев әйгілі тары өсіруші болған. Ол тарының әр гектарынан 165 - 175 Ц. дейін түсім жинаған.

Құмай - Астық тұқымдас біржылдық өсімдік. Сабағының биіктігі - 100 - 300см. Сабағы өзегі толы, мықты қалың өскен. Жапырағы жалпақ, сырты балауызды өңезбен қапталған. Гүлшоғыры - сыпыртқыгүл. Сыпыртқы гүлінің пішіні әртүрлі. Тік, имек басты болады.
Дән Қант
Сыпыртқы
Оның Отаны - Африка. Бұдан 5 мың жылдан астам бұрын құмайды баптап өсірген. Құмай - жылу сүйгіш, ыстыққа, құрғақшылыққа төзімді өсімдік.

Азықтық Техникалық
Малазықтық

Сергіту сәті:
Кел балалар ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да.
Шешпей оны қоймайық.- деп астық тұқымдастар туралы мақал - мәтел. жұмбақтар айту:

Жаңа сабақты қорытындылау:
Астық тұқымдастар өкілдеріне тән белгілерді тауып көрсет:
Үйге тапсырма: § 32 Астық тұқымдастар – бағалы азықтық өсімдіктер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама