Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Ата - ана мен оқушы арасындағы қарым - қатынас ерекшеліктері
№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп - интернаты
бастауыш сынып мұғалімі Қалыбаева Нұрсұлу

Ата - ана мен оқушы арасындағы қарым - қатынас ерекшеліктері
Ата - аналарға арналған тренинг
Тақырыбы: «Ата - ана мен оқушы арасындағы қарым - қатынас ерекшеліктері.»
Мақсаты: Ата - ана мен оқушылардың көңіл – күйлерің жақсарту, бірігіп жұмыс істеу жүйесін дамыту, ой қозғату, әдістемелік көмектер беру.
Міндеттер:
мектеп, ата - ана, әлеуметтік ортаның оқушы тұлғасын сомдау үшін саналы түрде бағытталған іс - әрекеттері үйлесімін тауып, бәсекеге қабілетті, білім - білікпен қаруланған, шығармашыл тұлғаны дайындап шығару
Күтілетін нәтиже
• ата - ана өз баласы туралы өзін мазалап жүрген сұрақтарға мұғаліммен бірге жауап таба біледі;
• ата - ананың мектепке, мұғалімге деген сенімі күшейеді;
• Мектеп пен ата - ана ынтымақтастығынан тәрбиелі, білімді, ұлтжанды, жаңа заманға сай тұлға дамып қалыптасады.

Қатысушылар: ата – аналар, оқушылар
Жұмыс түрі: Топтық
Көрнекіліктер: Тақта, бейне слайд,

1. Сәлемдесу рәсімі: «Жүректен - жүрекке»
Иә, Алла көрдім бе, көрмедім бе?!
Иә, Тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!
Шырылдаған үніңнен айналайын,
Шыныменен өмірге келгенің бе?!
Қызым болсаң – қырымда құралайсың,
Ұлым болсаң – ұлы бір мұрадайсың.
Естисің бе, есі жоқ, ей, дүние,
Менен неге сүйінші сұрамайсың?!

2. Сұрақ - жауап: «Мадақтау - жазалау»
«Мадақтау - жазалауда» барлық ата - аналарға және оқушыларға сұрақтар таратылып, жауаптарын ортаға салынады.

3.«Жанұя бақыты»
3. «Жанұя бақыты»Әр ата - ана бақыт туралы түсініктерін баяндайды.

4. «Оқушылардың суидиалдық мінез - құлқының алдын алу»
5. « Сөйлемді аяқта...»
- Егер баланы үнемі сынап отырса, оның оқуға құлқы болмайды.
- Егер балаға үнемі күлсе, ол бұйығы болып кетеді.
- Егер баланы үнемі мақтап отырса, ол өз қадірі үшін оқиды.
- Егер бала төзімділікте өссе, ол басқаларды түсінуге тырысады.
- Егер бала адалдықта өссе, ол адал болып жетеді.
- Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамдарға сеніммен қарайды.
- Егер бала кекшілдікте өссе, ол қатігез болып өседі.
- Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол әлемнен махаббат табуды үйренеді

6. «Сиқырлы жүрек» (Әнмен көңіл көтеру)
«Сыйқырлы жүрек» барлығымыз қосылып ән айтамыз, естелікке суретке түсеміз
Қорытынды сөз:
Ұрпақ тәрбиесі – адамзат дамуының бағыт - бағдарын айқындайтын бірден - бір айрықша құбылыс. Әрбір мемлекеттің дамуындағы өзгерістер мен жаңалықтар, адамзат мінез - құлқындағы кемшіліктер мен келеңсіздіктердің бәрі тегіс ұрпақ тәрбиесіне келіп тіреледі. Осы ретте ең алдымен ата - бабамыздан қалған ұлттық мәдениет, ұлттық салт - дәстүр, әдет - ғұрып, тіпті ұлттық музыка негізінде келешек ұрпақты тәрбиелеуміз қажет. Басқаша айтқанда, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, ғасырлардан келе жатқан халқымыздың тәрбие беру жолы бүгінгі ұрпақ тәрбиелеу үдерісінде кеңінен орын алуы тиіс. Бұл – мемлекет келешегінің мызғымас кепілі.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама