Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Ата-аналар жиналысының хаттамасы
«Бөбек» тобындағы ата - ана жиналысының №1 Хаттамасы
Қатысқан ата - аналар саны: 21
Қатыспағандар: 10
Күн тәртібінде:
1. 2019 - 2020 жаңа оқу жылының іс - жоспарымен танысу.
2. Ата - аналар комитетін қайта сайлау.
3. Балалабақша тәрбиеші Мамытова «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты баяндама оқылды.
4. Әр түрлі мәселелер.
Бірінші мәселе бойынша тәрбиеші Мамытова Кулимай жаңа оқу жылының іс - жоспарымен таныстырып өтті. Балалармен мектепке дейінгі білім беру стандарты бойынша жұмыстар атқарылатынын атап өтті.
Шешім: 2019 - 2020 оқу жылының іс - жоспары қанағаттандарылсын. Жауаптылар: Мамытова Кулимай мен Аяпова Жұлдыз
Мерзімі: Келесі ата - аналар жиналысына дейін
Екінші мәселе бойынша ата - аналар комитетін қайта сайлауға ұсыныс тастады. Ата - ана Ақбаева Жазира сөз кезегін алып Изеева Лаураны сайлауға ұсыныс тастады. Мүшелері: Исламова Перизат ата - аналар комитетінің мүшесі болып сайланды. Ата - аналар бір ауыздан келісіп сайлады.
Шешімі: ата - аналар комитетінің төрағасы изеева Лаура мүшесі болып Исламова Перизат сайлансын. Жауапты: ата - аналар комитетінің төрамы мен мүшелері. Мерзімі: келесі ата - ана жиналысына дейін. Үшінші мәселе бойынша балабақша тәрбиешісі Мамытова Кулимай «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты баяндама оқылды. Болашағымыз балалар олардың жауапкершілігі біздің қолымызда. Сол үшін болашағымыз туралы ойланатын мәселе бойынша тақырып қозғады.
Шешімі: Баяндама бір ауыздан мақұлдансын.
Жауаптылар: ата - аналар мен тәрбиешілері. Мерзімі: келесі ата - аналар жиналысына дейін. Төртінші мәселе бойынша Аяпова Жұлдыз әр түрлі мәселерді ортаға салды Оқу құралдарын толық әкелуін талап етті Балалардың тазалығын, балабақшадан себепсіз қалдырмай, кешікпей келуін, төлемақысын уақытылы төлеуін айтып өтті.
Шешімі: «Бөбек» тобындағы кезекті ата - аналар жиналысы қаралған мәселелерді бір ауыздан мақұлдады
Жауаптылар: барлық ата - аналар мен топ тәрбиешілері.
Мерзімі: келесі ата - аналар жиналысына дейін. «Бөбек» тобының балаларының жаңа оқу жылына толық дайындықпен қатыссын.
Дауыс беру нәтижесі: «ия»

Ата-аналар жиналысының хаттамасы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама