Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ата - аналарға кеңес. Ел ертеңі - бүгінгі ұрпақ
Ата - аналарға кеңес.
(Мектепке даярлық тобы)
Тақырыбы: Ел ертеңі - бүгінгі ұрпақ

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалу керек. Өмірге келген әрбір бақытты болуы тиіс. Бұл баланың басты - құқығы. Балалар - еліміздің бүгінгі ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан, балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру - біздердің мақсатымыз. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы - балабақша. Балалардаң білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімі, адамдардың қарым - қатынасы, сөз қорының, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. «Бала адамның бауыр еті» демекші, әр ата - ана баласының білімді, әдепті, ақылды, тәртіпті және жан - жақты болғанын қалайды. Отбасы тәрбиесінің босаңсуы, бала тәрбиелеуде ата - ана жауапкершілігінің төмендеуі баланың дамып жетілуіне, мінезінің қалыптасуына кері әсер етеді.
«Атаның баласы болма, адамның баласы бол» - деген халық нақылын жадында ұстайтын ата - аналар болса тәрбиесіне күнделікті көңіл бөліп отырады. Балабақшада үйренген ән, тақпақ, ертегі, мақал - мәтелді үйде отбасында қайталап отырса, «Бүгін не үйрендік?» деп баладан сұраныс болып тұрса, баланың білімі мен өнерге деген талпынысы артып, білім деңгейінің көрсеткіші жоғарлайтыны белгілі.
Әрбір ата - ана — отбасындағы баланы тәрбиелеудегі басты тұлға. Ата - ана өз баласының бүгінгі заман талабына сай білім алып, инабатты, өнегелі тәрбиелі болуына жағдай жасайды. Баланың әкесі мен анасы өз перзентіне үлгі болуы керек деп ойлаймын. Бала - өмірдің гүлі, бала - бақыт,- демекші, бала өміріміздің гүлі және біз тек балаларымызбен ғана бақыттымыз. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін, баланы өте жақсы білу керек. Ол үшін баланың жаңа қалыптасып келе жатқан мінез - құлқын, көңіл - күйін бақылап, оқу - тәрбие жұмыстарына қатысып отыру керек.
«Баланы балабақшаға бердік, ендігі білім - тәрбиені солар береді».- деп барлық ауыртпалықты, жауапкершілікті тәрбиешіге артып қоймай, балабақшамен тығыз байланыста болып, баланың балабақшадағы үйренгенін отбасында бірге қайталап отырсаңыз ұрпағымыздың тәрбиелі, білімді болуына сіздерде өзіндік үлес қосқан боласыздар.
Отбасы - адам баласының өсіп - өнер алтын ұясы. Алтын ұяларыңыздағы өсіп отырған балаларыңыз аман болсын демекпін.
Ата - аналарға кеңес. Ел ертеңі - бүгінгі ұрпақ. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама