Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ата-ананың ұстанатын 10 қағидасы
Ата-ананың ұстанатын 10 қағидасы

1. Баланы тыңдаңыз, оның сұрақтарына қысқа түсінікті жауап беріңіз, сонда ол сізбен өз ойларымен және сезімдерімен бөліседі.
2. Баланың шындықты айтуын бағалау, сонда ол қорықпайды және өтірік айтпайды.
3. Баланы жиі мақтаңыз, сонда ол өзін жақсы сезінеді және сізге әрдайым ұнайды.
4. Балаға көңіл аударыңыз, онымен көп уақыт өткізіңіз, сонда ол сізге қымбат әрі маңызды екеніне сенеді.
5. Ол сіздің істегеніңізді қайталайды, сондықтан жақсы үлгі болыңыз.
6. Балаңыздың өзіңізден кішілігіне қарамастан оны сыйлаңыз және оған сеніңіз, оның сезімдері мен арманы тап сіздікіндей.
7. Оған өзінің жеке қызығушылықтарын, дарынын, қабілетін білуге көмектесіңіз.
8. Жеке тұлға болыңыз және өз бақытыңызды құрыңыз, сонда сіз оны балаға үйрете аласыз, сонда ол бақытты, толық өмір сүреді.
9. Егер сіз балаға уәде берсеңіз – оны кеште болса орындаңыз.
10. Өз балаңызды сол күйінде жақсы көріңіз.
Маңыздысы баламен қарым-қатынасты кейінге қалдырмау, оның үлкейіп өсуін күтпеу, барлық қамқорлықты анаға сырып тастамау. Есіңізде болсын баланың тәрбиесі – бұл әрдайымғы жұмыс, онда ана мен әке қатысады. Әкелердің қарым - қатынасы аналардан өзгеше екенін белгіленген. Аналар баламен көбіне оларды күтуде айналысады, ал әкелер ойын барысында іс-әрекет жасап, олардың психикалық дамуына әсерін тигізеді. Аналар балалармен нәзік, жай, дәстүрлі ойындар ойнайды («Алақан», «Санамақ» т. б). Әкелер өзгеше, айтылмайтын, төбелес пен қорқынышпен байланысты ойындар ойнайды. Кейде зұлым Бармалей болса, кейде төбелес бастаушы каратист болады. Әке балаға маңызды рөлдегі үлгі болып табылады. Тек әкемен қарым-қатынаста болып, оған ұқсап бала ер жігіт болуға үйренеді, ер жігітке сай мінез-құлықты бойына сіңіреді.
Әрбір әке бұны әрдайым есте ұстауы керек, бала барлық нәрседе оған ұқсағысы келеді, тіпті ұсақ жайттарда да: бет әлпетінде, сөйлеу, анамен қарым - қатынаста. Әкенің анаға көзқарасы, баланың қызға көзқарасын анықтайды. Әкенің назарынан тыс қалған балалар жиі - ұжымға шамалы үйренеді, қорқақ, қатыгез, кекшіл, тез ренжігіш болады. Әкенің әсері баланы тәртіпті, ашық, шыншыл, міндетті етеді.
Қыз бала ана мен әкенің қарым-қатынасынан жанұя деген не екенін түсінеді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама