Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Ата - баба дәстүрі амандықтың белгісі
Білім беру сала: Қатынас
Ұйымдастырылған іс - әрекет: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Ата - баба дәстүрі амандықтың белгісі»
Мақсаты: 1. Балаларды киіз үй құрлысымен таныстыру.
2. Баланың сөздік қорын молайту арқылы, салт – дәстүр туралы ұғымдарын қалыптастыру
3. Балалардың бойына ата – мұра құндылықтарын қастерлеуге салт – дәстүрді біліп – үйренуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, ойын сұрақ – жауап, жұмбақ шешу.
Сабақ көрнекілігі: Киіз үй тігілген, киіз үй жабдықтары.

Тәрбиеші: Балалар қонақтармен амандасайық..
Шаттық шеңбер орындалады.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.

Тәрбиеші: Балалар біз ненің ішінде тұрмыз?
Балалар киіз үйдің ішінде тұрмыз деп жауап береді.
Балалар киіз үйдің құрал – жабдықтарын, құрлысын кім біледі атай алады.
(балалар иә, жоқ деп жауап береді)

Тәрбиеші: Дидактикалық ойын «Киіз үй» ойнатылады.

Көтеріліп шаңырақ (қолдарын жоғары көтереді)
Уықтары шаншылып (қолдарын жоғары көтереді)
Керегелер керіліп (алақандарын ашады )
Өрім дей болып өрілер (қолдарын белге қояды)
Бәріміз бірге жүрсек айналып, киіз үй болып көрінер.

Тәрбиеші: Ендеше балалар мен сіздерге қазақтың киіз үйі туралы түсіндіріп өтейін. Тәрбиеші киіз үйдің құрал – жабдықтарымен таныстырып, қазақ халқының салт – дәстүрін байланыстыра отырып киіз үй туралы мол мағлұмат береді.

Балалардың жауабы: Киіз үй құрлысын атап береді.
- Кереге, шаңырақ ,,уық,,
босаға, сықырлауық,
табалдырық, маңдайша.
Киіз үй жабдықтарын атап береді.
- Іргелік, туырлық, үзік, түндік, ши, есік.

Сергіту сәті: Кел балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық.
Уықтарша иіліп,
Шаңыраққа қосылып.
Қазақ үйді құрайық..

Тәрбиеші: Балалардан киіз үй туралы кім тақпақтар біледі жатқа айтады.

1 – бала: Қабырғасы тор көз,
Төбесінде зор көз. (Кереге, Шаңырақ)

2 – бала: Тұмсығын тесіп.
Жүннен бұйда есіп
Қазыққа байлады. (Уық )

3 – бала: Төбедегі көзінен.
Күн сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ төрінен.
Самал еркін еседі. (Киіз үй )

4 – бала: Жетпіс екі найзасы.
Біріктіріп тұрады. (Шаңырақ)

Тәрбиеші: Балалар біз бүгінгі сабағымызда не білдік, не үйрендік. Ненің құрлысымен таныстық?
- Киіз үйдің қандай құрал – жабдықтарын білдіңдер?
- Киіз үйдің құрылысы қалай аталады екен?

Балалар жауап топ болып сұрақтарға жауап береді.

Тәрбиеші сабақты қорытындылайды.
Балалар бүгінгі сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар.
Киіз үймен таныс екендеріңді таныттыңдар. Сабаққа жақсы қатынасқан балаларды мадақтау.

Тәрбиеші жұмбақ жасырып сабақты қорытындылайды:
Төбедегі көзінен.
Күн сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ төрінен.
Самал еркін еседі. (Киіз үй)

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама