Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ата тұрып ұл сөйлесе ер жеткені болар

Сырым  жиырма  алты  жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен.
— Балалар, аман ба? — депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап:
— Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! — дейді.
Малайсары жалт қарап:
— Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, Ана тұрып қыз сөйлегеннен без. Сырнайдай сарнаған мына бала кім еді? -— дейді.
— Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар,Ана тұрып қыз сөйлесе, бойжеткені болар,— дейді Сырым.
— Сен толған екенсің, мен тозған екенмін,— деп Малайсары сонда Сырымды қасына шақырған екен.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама