Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Атадан мал қалғанша, тал қалсын
Тақырыбы: Атадан мал қалғанша, тал қалсын. (презентациясымен)

Мақсаты:
Қазақтың «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», деген ұлағатты мұрасының маңызын ұғындыру.
Туған елге қызмет етуге, орманды қадірлеуге, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, танымдық қызығушылықтарын арттыру, дарындылық қабілеттерін анықтау.

Тақырыбы: Атадан мал қалғанша, тал қалсын.

Күн сәулесі төгілгені әдемі,
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.
Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.
Биік – биік шыңдарым да әдемі.
Айдын көлде аққу қандай әдемі
Сұңқар құстың самғағаны әдемі
Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі
Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі
Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі.
Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі
Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі.
Сары түске боялған күзім қандай әдемі.
Осылайша табиғатқа бір қарап
Табиғатпен сырласуда әдемі.
Жер - Ананы аяласаң жан - тәнмен
Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі!

Армысың, алтын күн!
Көгілдір көк аспан!
Бармысың құстарым!
Қанатты достарым!
Суларым таза ма?
Талдарым аман ба?
Бас ием тауларға
Жамылған қарларға
Жайқалған даланы
Табиғат ананы
Көруге сағынып
Келген біз балаңыз.

ЖОБА:
Тақырып бойынша топтық ізденіс жұмысын жүргізу

1 - топ
Ағаштардың пайдасы:
табиғатта ылғал сақтайды, ұстайды, топырақтың құнарлы қабатын
жасайды, құм көшуден қорғайды, егіндікті желден, суықтан сақтайды,
адамды, жан – жануарларды күннің аптабы, жел шаңнан қорғайды,

2 - топ
Экологиялық жағдайы:
жердің ыза суының деңгейін төмендетеді, топырақтың тұздануын азайтады,
шаң – тозаңды, көмір қышқылын жұтып, оттегі бөлу арқылы ауаны тазартады,
3 - топ
Қызықты мәліметтер
ағаш құрылыс, жиһаздар материалы, құстар мен аңдардың мекені, отын, елдің, жердің, ауылдың, қаланың, даланың көркі.

Әй, табиғат!
Шеберсің – ау, шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің.
Ұлан – ғайыр байлығыңды місе етпей,
Аш көзденген адамдарға не дерсің?
Айың анау, күнің мынау, жерің міне.
Ау, адамдар.
Жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар ағайын
Асырайды ол сені, мені, елді де…

«Бiздiң елiмiздiң, жерiмiздiң көркiн арттыру үшiн орман егуiмiз керек. Жерiмiз көп, даламыз кең болғанымен, дүниедегi жалпы ауқымына шаққанда орманы ең аз ел - бiзбiз. Басқа мемлекеттерде бiр ағашты кессе, екi ағаш отырғызады. Қазiр заң бойынша бiз оны қабылдадық. Елге орманды көп егетiн болсақ, халықтың денсаулығына, ауаның тазалығына, тек өз елiмiздiң ғана емес, күллi дүние жүзiнiң экологиясын жақсартуға қосқан үлесiмiз болып саналады» (Н. Назарбаев)

“Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр,
Ізіңді қалдыр – жақсылық мұра шаша жүр,
Өзіңді қалдыр – бау өсіріп, жаса нұр”
Әлемдегі ерекше ағаштар (слайд көрсету)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама