Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Атам мен әжем
Семей қаласы №28 жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Туреханова Бақыт Бақтыгазиновна

2- сынып
Тақырыбы: Атам мен әжем
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Атам мен әжем тақырыбы бойынша өтетін сөздерді сөйлеуде дұрыс пайдалана білу. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Тақырып төңірегінде сөйлей білу.
2. Тәрбиелік: Өз туған еліне, тұрған жеріне, сол арқылы Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, елді, жерді сүюге тәрбиелеу, табиғатты аялауға шақыру.
Мемлекеттік тілді үйренуге баулу.
4. Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, тілге тән дыбыстарды, жаңа сөздерді дұрыс айтуға тілдерін жаттықтыру. Естіп, тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу,жазу, әрекеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс тәсілі: Модульдік технологиядағы өзара бақылау, оқыта үйрету ойындары, топтық жұмыс, қайталау, сұрақ-жауап, түсіндіру, коммуникативтик.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, үнтаспа, доп,дөңгелек кеспелер, рөлдік ойындар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Ай, күнді белгілеу, сыныпты түгендеу.
Фонетикалық сәт.
Ын- ің ға -ге
Ал - ән он - өн
Ұн- үн қа – ке

Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
2. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
Өткен сабақтардағы сұхбатты, жаңа сөздерді өзара тексеру, өзін-өзі бақылау тәсілдерін қолдану.

3. Жаңа сабақ.
Оқыңыз – читайте
Алыңыз - возьмите
Ішіңіз – пейте
Көріңіз - смотрите
Жазыңыз – пишите
Беріңіз - дайте
Отырыңыз - садитесь.
Тыңдаңыз - слушайте.
Жаңа сөздерді 3-4 рет қайталау. Осы сөздермен сөз тіркесін құрау.

Суретпен жұмыс. 1 тапсырма. Бұл кім? Бұл - Нұрхан
Нұрхан неше жаста?
Нұрхан сегіз жаста.
Бұл кім? Бұл – Сана
Сана нешінші сыныпта оқиды?
Сана екінші сыныпта оқиды.

Ойын. «Ата мен бала»
Жұптық жұмыс.
Сұрақтарға жауап беріңдер.
- Ата, сәлеметсіз бе?
- Сәлемет пе,балам.
- Хәліңіз қалай?
- Жақсы,рақмет.
- Үйде кім бар?
- Үйде әжем бар.
- Әжең не істеп отыр?
- Әжем кітап оқып отыр.
- Ата, мен мектепке барамын.
- Бар, айналайын.

Сергіту сәті:
Қане қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып,ұшып алайық
Орнымызға қонайық.

Дәптермен жұмыс. Кеспе қағаздарымен жұмыс.
Ата, алма...
Әже, айран...
Ернұр аға кітап...
Айсана әпке жаңалық...
Керекті сөздер: алыңыз, ішіңіз, оқыңыз, көріңіз.

Тіл дамыту тапсырмасы. Мәнерлеп оқып, балаларға түсіндіру. Жеке, топтық жұмыс жасату, оқыту.
Әжем.
Мен әжемді сүйемін,
Киімді өзім киемін.
Ақылына көнемін,
Өлең айтып беремін.
Ойнап келсем, Күнім! Деп,
Қарсы алады күлімдеп.
Мен сабақты оқимын,
Әжем кілем тоқиды.

Сабақты қорытындылау кезеңі
- Балалар, бүгін сабақта не үйрендік, не түсіндік,қандай жаңа сөздермен таныстық?
Оқушылардың білімдерін бағалау
Үй тапсырмасы.
5 тапсырма 65 бет. Үлгі бойынша төрт сөйлем жаз.
- Балалар, сендермен сабақ өткізгенімнен өте жақсы әсер алдым!
- Сау болыңдар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама