Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Атмосфераның құрамы және құрылысы
Тақырыбы: Атмосфераның құрамы және құрылысы
Мақсаты:
Білімділік: Атмосфера қабаты туралы оқушыларға түсінік бере отырып, оның жер қабықтары ішіндегі ерекшелігі туралы ұғым қалыптастыру. Атмосфера қабаттарының ерекшеліктерін, оның маңыздылығын айта отырып, оны зерттеу мәселелеріне тоқталу
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Атмосфераны зерттеу тәсілдерімен таныстыра отырып, оны қорғау мәселелерін қарастыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ - жауап.
2. Әңгіме - дәріс.
3. Ертегі желісімен сұрақ - жауап
4. Қорытындылау. Эссе жазу
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, дүниежүзі картасы, слай, арнайы плакаттар, т. б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ - жауап.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме - дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме - дәріс беруден басталады.
Атмосфера - жерді қоршап тұрған газды қабықша. Жер бетіндегі барлық процестердің жүруін қамтамасыз етіп, адамзат тіршілігінің барлық жақтарына әсер етеді.

Ауаның қасиеттері:
Көзге көрінбейді
Түссіз
Дәмсіз
Иіссіз
Сығылады
Жылуды сақтайды
Отты жағады

Ауаның газ құрамы
Тірек - сызбамен жұмыс.
Жер бетіне ең жақын қабаты – тропосфера (грекше тропос - бұрылыс, өзгеріс). Ол 10 - 12 км биіктікте, экваторда 16 - 18 км биіктікте орналасқан. Оның үлесіне бүкіл ауаның 80 %- ы тиесілі. Бұл қабатта жауын - шашын, бұлттар түзіліп, найзағай, күн - күркіреуі жүреді.
Тропосфераның жоғарғы жағында 50 - 55 км биіктікте – стратосфера (грекше стратум - қабатталған) қабаты орналасқан. Атмосфералық озонның көп бөлігі бұл қабатта жиналған. Стратосфераның жылу процестеріне үлкен әсер етеді. Ол күн радиациясының ультракүлгін сәулелерін сіңіреді.
Стратосферадан 50 км биіктікте мезосфера қабаты орналасқан. Онда температура төмендеп, - 70 С градусқа дейін түседі.
Термосфера қабаты 500 - 600 км биіктікке созылып, температура - 1600 С градусқа дейін жетеді. Атмосфера қабаттары биіктегені сайын ауа сұйылып, қысым төмендейді.
Атмосфералық ауаның тіршілік үшін маңызы ерекше:

1. Фотосинтез үшін көміртегінің қос оксиді және тыныс алуы үшін оттегінің көзі.
2. Тірі организмдерді космостық сәулелерден қорғаушы.
3. Жерде жылуды сақтаушы және климатты реттеуші.
4. Зат алмасудың газ тәрізді өнімдерін қабылдайды, су буларын тасымалдайды, бұлт, жауын - шашын түзілетін және басқа да метеорологиялық процестердің жүретін орны;
5. Ұшатын организмдер үшін тіршілік ортасы және топырақ құнарлылығына әсер етуші ретінде қолданылады.
Атмосфералық ауаның тіршілік үшін маңызы ерекше:
1. Фотосинтез үшін көміртегінің қос оксиді және тыныс алуы үшін оттегінің көзі.
2. Тірі организмдерді космостық сәулелерден қорғаушы.
3. Жерде жылуды сақтаушы және климатты реттеуші.
4. Зат алмасудың газ тәрізді өнімдерін қабылдайды, су буларын тасымалдайды, бұлт, жауын - шашын түзілетін және басқа да метеорологиялық процестердің жүретін орны;
5. Ұшатын организмдер үшін тіршілік ортасы және топырақ құнарлылығына әсер етуші ретінде қолданылады.

IV. Жаңа сабақты бекіту.
Бекіту сұрақтары ертегі желісімен жүреді.
V. Қорытындылау, бағалау.
Атмосфераны қорғаудағы сенің үлесің?
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Атмосфераның құрамы, құрылысы. 78 бет. 6 - тапсырма.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама