Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ауа. Ауаның қасиеті. Ауаның маңызы
Сабақтың тақырыбы: Ауа. Ауаның қасиеті. Ауаның маңызы
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Ауа туралы ұғым беру. Ауаның қасиетін меңгерту. Ауаның адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.
2. Тәрбиелік мәні: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
3. Дамытушылығы: Тәжрибелер жасау арқылы оқушының танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Лабораториялық әдіс, тест сұрақ, жауап әдістері.
Сабақтың түрі: Жаңа материалдарды меңгерту
Блокты сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: 1. 3 қатарға 3 түрлі тапсырма
2. Тест.
3. Гербарийлер
4. Сабақтың құрал – жабдығы
5. Ребус. (Жуа, алма)
6. Тәжрибе жасау құралдары: стакан, су, қант, шарлар,
шырпы, доп, шырақтар, банка шак т/б.

І. Сабақтың жүрісі:
Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Жергілікті жердің сұлбасы немесе өзің тұратын жердің. Үш қатарға үй тапсырмасы бойынша үш түрлі тапсырма беремін.
І қатар: Әңгіме бойынша өз ойларын айтуға.
ІІ қатар: Партаның үстіндегі зат сұлбасын сыз.
ІІІ қатар: Өзеннің немесе жолдың тұратын жердің шартты белгілерін салу. (тексеріп шығамын)
ІІІ. Тест ойынын ойнатамын 4 сұрақ беремін. Оқушылардың қолдарында 1, 2, 3 деген сандар бар. Сандарды көтеру арқылы оқушы тест сұрақтарының дұрыс жауабын береді.
1 2 3 Дұрыс, бұрысын қадағалап тұрамын.

ІV. Жаңа сабақ.
Ауа. Ауаның қасиеті. Ауаның маңызы.

V. Сарамандық жұмыс.
1. Ауызыңды жауып, танауыңды қысып сана
Тұншығасың. Саған не қажет?
- Ауа.
2. Ыстықтап терледің. Желпіндің.
Не сездің?
- Ауа.
3. 2 колыңды екі жаққа соз, суда жүз. Сендер ауада жүрсіңдер ма? – жоқ.
- Яғни сендер ауа мұхитында жүзіп жүрсіз. Ауа бізді қоршап тұр.
- Сендер ауаны көрдіңдер ма?
- Жоқ. Неге? - Ол түссіз.
4. Шар үрлейміз.
І қатар ІІ қатар ІІІ қатар
Қызыл Көк Сары
Шардың ішіне не толды.?
- Ауа.
Шар тырсыйды ма?
- Ия. Неге?
Ауа орын алды.
Шарға ауа қайдан келді.
5. Допты сығайық. (екі бүйірінен)
Допты еркін жіберсек ауа қайта серпілді. (оқушы жасайды.)
- Балалар осы жерде не байқадық? Ол қандай қасиет?
- Ол серпінділік қасиет.
6. Екі оқушыны тақтаға шығарып, екі стакан беру. Суы бар. Суға қантты салады. Не байқап тұрсыңдар?
- Қанттан көпіршік шықты, бұл ауа көпіршіктері, кез келген нәрседе ауа бар екен.
ХІІ. Үйге жұмыс беру.
Ауа. Ауаның қасиеті. Ауаның маңызы туралы түсінік беру.
32 – беттегі тәжрибені үйде жаса.
35 – беттегі суретті дәптерге сал.
ХІІІ. Бағалау.
5 - жапырақ «5»
4 - жапырақ «4»
3 - жапырақ «3»
Оқушылардың бағасын күнделігіне қою. Сабақты аяқтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама