Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ауаның ылғалдылығын анықтау
Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебінің
Физика пәні мұғалім Қоянбаева Асылгүл Жайылханқызы

№3 Зертханалық жұмыс.
«Ауаның ылғалдылығын анықтау» (слайд)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: тәжірибе жүзінде ауаның ылғалдылығын анықтауды үйрену, оқушылардың теориялық білімдерін нығайту және өлшеуін құралдармен, анықтамалық материалдармен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру;
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: зертханалық,
Сабақтың әдіс - тәсілдері: кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар,: психрометр немесе екі термометр: құрғақ және ылғал, психрометрлік кесте.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
1. Зертханалық жұмыс жасауға дайындық. (әңгіме)
1. Ауаның ылғалдылығы дегеніміз не?
2. Ауаның салыстырмалы және абсолют ылғалдылығы?
3. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшеу.
1. Техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау.
2. Зертханалық жұмысты оқулықтағы нұсқау бойынша орындау.

Жұмыс барысы:
1. Құрғақ термометрдің көрсетуін жазыңдар t ₁
2. Ылғал термометрдің көрсетуін жазыңдар t ₂
3. Құрғақ және ылғал термометрлер көрсетулерінің айырымын табыңдар: ∆t= t ₁ - t ₂
• Психрометрлік кестені пайдаланып, ауаның t ₁ температурасын құрғақ және ылғал термометрлер көрсетулерінің ∆t айырымын біле отырып □ ауа ылғалдылығын анықтаңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама