Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым
Физика 7 класс

Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым
Сабақтың мақсаты:
А) сұйықтар мен газдарда болатын қысым қандай шамаларға байланысты қарастыру
Б) оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, қорытынды шығара білуге үйрету
В) қысым формуласын пайдаланып есептер шығара білуге үйрету.

1. Ұйымдастыру.
Әртүрлі түсті қағаздар арқылы топқа бөлу
2. Жаңа сабақ (Өз бетінше дайындалуға уақыт беремін, дайындалып болған соң мынадай сұрақтар беріледі).
а) газдардың, сұйықтардың өздеріне тән қасиеті.
б) газдың қысымы болатынын қалай дәлелдейміз
в) ауырлық күші әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым
г) қысымның формуласы.
3. Логикалық сұрақтар.
І топ. Цилиндр тәрізді әр түрлі екі ыдысқа массасы бірдей су құйылған
(1 - сурет). Судың ыдыстардың табанына түсірген қысымы бірдей болады ма?
ІІ - топ. Екі ыдыс берілген. Оның біреуіне су, екіншісіне керосин құйылған. Сұйықтардың деңгейлері бірдей. Ыдыс табанына түсіретін қысым бірдей болады ма? (2 - сурет).
ІІІ топ. Саңылаулары бар цилиндрдегі сұйық ең жақынға, ең төменгі саңылаудан неғұрлым алысқа шапшиды (3 - сурет). Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады.

4. Тәжірибелік тапсырмалар.
І топ: Айран бөтелкесі, бір жұмыртқа, сіріңке берілген. Жұмыртқаны бөтелке ішіне кіргізу керек. Тәжірибені түсіндіру.
ІІ топ: Полиэтилен пакет, бір стакан су, ине берілген.
ІІІ топ: стакан су, бір парақ қағаз
Тәжірибелерді жасау жолдары жазылған парақ қағаздар беріледі. Тәжірибелерді жасап, түсіндіру.
Үй тапсырмасы:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама