Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ахмет Байтұрсынұлының “Балаларды оқуға шақыру” өлеңі
Сабақтың тақырыбы:
Ахмет Байтұрсынұлының “Балаларды оқуға шақыру” өлеңі
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру. Ақынның “Балаларды оқуға шақыру” өлеңінің мазмұнымен, идеясымен таныстыру. Мәнерлеп оқу дағдысын, оқушылардың тілін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру. Ақынға, тілге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, оқу, білім алуға деген оқушылар ынтасын қолдау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: мәнерлеп оқу, талдау, баяндау, кестемен жұмыс, көрнекілікті қолдану
Көрнекілік: ақын портреті, шығармалары, қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Сабақтың мақсат - міндетін түсіндіру
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. А. Байтұрсынұлы туралы оқулық материалымен танысу.
2. Сөздік жұмысын өткізу:

Тіл білімі - языкознание
Намысшыл - честолюбивый
Айып - обвинение
Атылды - был расстрелян
Беделді - авторитетный
Ағартушылық жол - просветительский путь
Тіл білімнің атасы - родоначальник языкознания
Мысалшы - баснописец

Сөздікте берілген сөздердің қолдану аясын анықтау. Мысалы: Тіл білімі – қазақ тіл білімі, орыс тіл білімі. Тіл білімі тіл заңдарын зерттейді. Қазақ тіл білімінің атасы – А. Байтұрсынұлы

А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кесте толтырып, оны жауаптарында пайдалану:

Маңызды оқиғалар | Жылдар | Шығармалары |

Ақын туралы берілген мәтіннен “Қандай?” деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жазу. Олармен сөз тіркесін, сөйлем құрастыру. Кім сауатты оқушы екенін анықтау.

Қандай? | Сөз тіркесі | Сөйлем

“Балаларды оқуға шақыру” өлеңімен жұмыс:
а) Өлеңді мәнерлеп оқу.
ә) Өлеңге берілген сөздікпен жұмыс:
Жатпа қарап - не бездельничай
Шақырды тауық - петух прокричал
Қоңыз - жук
Күн ашық - ясный день
Ың - жың орман - лес шумит
Тоқылдақ - дятел
Ау - невод
“Аллалап”- с именем Аллаха
Шапшаңырақ - побыстрее
Мана әлдеқашан - уже давно
Аралар - пчелы
Тоғайлар шат - пер.: лес весел
Жан - мақлұқ - живое существо
Балықшы - рыбак
Орақ даусы - звон серпа
Құлдарын құдай сүймес жалқау болған - и бог не любит своих ленивых рабов

б) Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру:
Ақын өлеңі кімдерге арналған?
Ахмет ағаларың балаларды қандай болуға шақырады?
“Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да...” деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
В) Өлең түйіні берілген жолдарды табу, мағынасын ашуға тырысу.

ІV. Сабақты бекіту
Ақын өлеңін хрестоматияда берілген Ыбырай атаның “Кел, балалар, оқулық!” өлеңімен салыстыру. Қандай ұқсастық тапқандарын көрсету.

“Балаларды оқуға шақыру” | “Кел, балалар, оқылық!” Ұқсастықтары


V. Сабақты қорытындылау, оқушылар білімін бағалау
Білімнің, оқудың пайдасы туралы парталасымен сұхбат құру.

VІ. Үй тапсырмасы
1. Өлеңді жаттау.
2. Өнер - білім, оқу туралы мақалдарды дәптерлеріне жазып келу, естеріне сақтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама