Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ахмет Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа» мысалы
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа» мысалы

Мақсаты:
1. Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығын Абай өлеңдерімен салыстыра отырып, екеуінің өзара үндестігін, аудармашылық шеберлігін, өзіндік қолтаңбаларын тереңірек меңгерту;
2. Әр оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түйе білуге баулу, тақырыптас шығармаларды салыстыра оқытуды және шығармашылық жұмыстар арқылы таным – түсініктерін дамыту;
3. Аталмыш шығарма арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу;
Сабақтың жабдығы: А. Байтұрсыновтың шығармалар жинағы, портреті, оқулық, конструкциялық карточкалар, интерактивті тақта
Әдіс – тәсілдер: «Топтастыру», «Сәйкестендіру» стратегиялары,
топтық жұмыс, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: тарих, биология, қазақ тілі, бейнелеу.
Қолданылатын қосымша материалдар:
1. А. Байтұрсынов, «Ақ жол», 1991 ж.
2. А. Құнанбаев, «Сен де бір кірпіш дүниеге», 1994ж.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
а) оқушылармен амандасу
б) оқушыларды түгендеу
в) оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

ІІ. Психологиялық дайындық:
- Кәне, балалар қазір сабаққа психологиялық дайындық жасаймыз. Ол үшін оқушылардың барлығы «Шаттық шеңберіне» тұрып, көздерін жұмып, қолдарын кеуделеріне қойып мына сөйлемдерді қайталауы тиіс. «Мен бүгінгі сабақта өз - өзімді көрсете аламын», «Мен өзіме сенімдімін», «Мен шын ынталансам көздеген мақсатыма жете аламын». Қайталап болғаннан кейін қолдарын төмен түсіріп, терең дем алуы керек.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Күншуақ елін тұтқынға алған жау оларға не істеді?
2. Ер - азаматтарды аман алып қалу үшін Әйел - Ана қандай тапқырлық жасады?

ІҮ Жаңа сабақ
- Мынау ненің суреті?
Ендеше, бүгінгі өтетін тақырыбымыз А. Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа» мысалы
Қазақ әдебиетінде мысал жанры Абайдан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы,
Дөнентаев сияқты ақындар Абай дәстүрін ілгері оздырды.
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы бұрынғы Торғай облысында дүниеге келген. Жазықсыз жалаға ұшырап, 1938 жылы ату жазасына кесілген. Мысалда жануарлар, аңдар, құстар, хайуанаттар, өсімдіктер іс - әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді, кемшілікті тұспалдап әжуа, күлкі етеді. Мысалдар өлеңмен де, қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді.
Мысалдарда жануарлар мен жәндіктер адам істейтін әрекеттерді жасайды.
Қазақ әдебиетінде мысал жанрын қалыптастыруға айрықша қызмет еткен, өзіндік ой, өзіндік өрнек қалдырған А. Байтұрсынұлының Крыловтан аударған «Өгіз бен бақа» мысалын алғаш рет А. Құнанбайұлы аударған.
1. Алдымен Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы қарастырылады. Ол үшін «Ахмет кім?
(кесте көрсетіледі)
«Бақа мен өгіз» - Абайдың 1898 ж. И. А. Крыловтан аударған мысал өлеңі. Абай түпнұсқадағы 17 жолда айтылған мазмұнды толықтырып, өзгертіп, 10 шумақ өлеңмен еркін жырлаған. Негізгі ой дәл берілген. Таудай егізді көрген бақа мен де сол сияқты зор бола алам деп күшеніп, қарнын қампитып жарылып өлген. Мұңда да біреудің болғанын, толғанын көре алмайтын іші тарлар, солардай болам деп өзін - өзі қинап мерт болғандар мазақталған. Мысалдың айтар ақылы:
«Таласпа, жаным - ай,
Қолыңнан келмеске
Боларсың бақадай
Көп түссең егеске».

Ү. Сөздікпен жұмыс. (түсінбеген сөздерін топта талқылап, дәптерге жазу.)
Саршы тамыз –.............. (өте ыстық)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама