Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Ахмет Йасауи ескерткіші. Сөз таптарын қайталау
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Иасауи ескерткіші. Сөз таптарын қайталау.
Сабақтың мақсаты: Ахмет Иасауи ескерткіші туралы ұғым беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға ұлы ғұлама Ахмет Иасауидің өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек мәлімет беру. Атадан балаға мирас болып отырған ел тарихының баға жетпес мұра екендігі ұғындыру.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды өз елін сүюге, адамгершілік, адалдық, ізгілікке, ғылым - білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту, өз пікірін эстетикалық талғаммен ауызша, жазбаша, еркін, нақты сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ой шақыру, ой қорыту, топтастыру, іздену т. б.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР картасы, «Ахмет Иасауи», «Түркістан» бейнетаспалар, жаңа сөздер, сұрақтар, мәтін, жаттығулар, семантикалық карта, ережелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) амандасу
Ә) кезекшімен сұхбаттасу
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
А) Ассоциация «Қазақстан»
Ә) Үй жұмысын тексеру
(«Қазақстан қалалары», «Қазақстан табиғаты», «Тәуелсіздікке 20 жыл» бейнетаспа дайындау)

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Балалар, мынау қай елдің картасы?
- Қазақстан Республикасының картасы.
- Дұрыс. Қазақстан Республикасы кең байтақ ел. Оңтүстік Қазақстанда әлемге әйгілі Қожа Ахмет Иасауи кесенесі орналасқан. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ахмет Иасауи ескерткіші» деп аталады. Бұл сабақта біз оқулықтарымыздың 26 беттегі жаңа сөздермен танысып, олармен сөз тіркесі, сөйлем құрастырамыз.

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
А) сөздік жұмысы
Кешен - комплекс
Мешіт - мечет
Кесене - мавзолей
Құдық - колодец
Күмбе - купол
Қазан - котел
Ә) Сөз тіркесі, сөйлем құру. (Құрастырылған сөйлемдерді жазу)
Б) Сөз таптар ережесін қайталау (Сөйлемдерге талдау жасау)
В) Синкйуен құру
І топ ----------ІІ топ -----------ІІІ топ
мешіт ------- құдық ----------кесене
Г) Білімі төмен оқушылармен жұмыс
Г) Кіріспе әңгіме (электронды оқулық)
- Балалар, Ахмет Иасауи ескерткіші қай қалада орналасқан?
- Ахмет Иасауи ескерткіші Түркістан қаласында орналасқан.
- Дұрыс. Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Орта ғасырларда (16 - 18 ғғ.) ол Орта Азия мен Қыпшақ даласы халықтарының саяси орталығы болған. 1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген. Қазір Түркістан - тарихи және туристік қала. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған.
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, не себептен ол қаланы барлық жұрт солай атаған?
- Себебі Түркістанда қасиетті ғұлама Қожа Ахмет Иасауи ескерткіші орналасқан.
- Жарайсыңдар!
Д) мәтінмен жұмыс
- Ал Ахмет Иасауи кім болғанын алдарымыздағы оқулығымыздан өз бетінше оқып, сұрақтарға жауап беруге дайын болыңыздар.
(сұрақтарға жауап беру)

V. Жаңа сабақты бекіту.
А) Дәптермен жұмыс
- №2 - тапсырма 27 беттегі сөздерді көшіріп жазу.
Зат есім - мешіт, панель
Сын есім - сәнді, жасыл
Ә) Ой шақыру
- Зат есімнің септік жалғауларын семантикалық карта туралы анықтаңыздар. (өз бетінше орындау)
Атау Ілік Барыс Табыс Жатыс Шығыс Көмектес
қабырғалардың + +
Б) Шығармашылық жұмыс
- Берілген тірек сөздерді, суреттерді пайдаланып, Түркістан қаласы бойынша шетелден келген туристерге қаланы таныстырыңыз.

VІ. Сабақтың қорытындысы
Сұрақ стратегиясы
VІІ. Бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма беру
№ 4 - тапсырма, 27 бет диалогты өз бетінше аяқтап, жаттау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама