Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Аяққапқа ою тігу
Мақсаты: Аяққапқа ою тігу, әшекейлеуде ұлттық қолөнердің түрін қолдану. Балаларға ұлттық тәрбие беру, ұлттық өнер арқылы танымдық қабілетін дамыту. Оқушыларды техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру. Инені, жіпті дұрыс қолдануды қадағалау.
Пән аралық байланыс: ана тілі
Көрнекілігі: ине, жіп, қайшы, ине қадағыш, түйреуіш, түрлі - түсті маталар.

Барысы:
I. Ұйымдастыру

II. Жаңа сабаққа дайындығымызды көрсетейік
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты – еңбек.
Кесте тігіп, зерлеп
Мұның аты – еңбек.
Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең - еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек

- Алдымын инемен, қайшымен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерін есте сақтайық

1. Қайшыны сабы жағымен беру
2. Инені кеудеге түйремеу
3. Инемен, түйреуішпен құлақты, тісті шұқымау.
4. Ине мен түйреуішті ине қадағышқа қадау
5. Ауызға салмау

III. Жұмбақ жасыру:
Жылт - жылт етеді,
Өзі сондай жіңішке
Жұмсақтан өтіп кетеді
Қолайлы - ақ тым іске (ине)

Екі жыртқыш жарысады,
Жақтары қарысады (қайшы)
- Жаңа сабағымыздың аты мына тақтадан оқып алайық
«АРАБ ГРАМОТАСЫ»
Аяқ қап.
- Сонымен аяққап дегеніміз не?
Мұғалім:
Аяққап - ертеде көшкен үйдің ыдыс - аяқ салатын киіз қабы. Төрт бұрыштан тігіледі де, аузын жауып тұратын ілгекті қақпағы болады. Қақпақтан беті шұға, барқыт тәрізді матамен өрнектеліп, жиегі түрлі шашақпен әшекейленеді. Аяққап түйеге немесе арбаға тиелген жүктің үстіндегі шаңыраққа байланады да, үй тігілгенде өрешеге, қазан - аяқ жаққа таяу керегенің басына ілімді.

- Аяққаптың тағы бір түрі үйдегі ұсақ-түйек заттарды (түйме, маржан) салуға арналады. Бүгінгі сабақта біз өзімізге лайықтысын жасаймыз.
- Бүгінгі сабақта сол аяққапқа тиісті ою түрлерін таңдап алайық.

IV. Суретпен жұмыс:
1. Геометриялық
2. Ғарыштық
3. Өсімдік, жануар тектес

- Өздеріңіз көргендей оюды кез келген затқа келтіріп жасауға болады.
V. Аяққапқа оюды тігу:
1. Оюды таңдау
2. Қиып алу
3. Түйреуішпен бекіту
4. Тігу
5. Артық жіптерді алып, түйреуішті алу
VI. Сергіту сәті:
VII. Жұмыстарына байланысты көрме жасау
VIII. Еңбекке байланысты мақал - мәтелдер айту
IX. Қорытындылау: - Біз не дайындадық?
- Не үйрендік?

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама