Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Аяз би ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі
Әдебиет, 6 - сынып
Тарау немесе бөлім атауы: Туған жерім - алтын бесігім
Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) 6. Ж 3. Әдеби туындыдағы кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау
Сабақ мақсаты: Әдеби туындыдағы кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;
Әр кейіпкердің өзіндік ерекшелігін анықтау арқылы іс - әрекетіне баға беру
Тілдік мақсаты: Пәнге қатысты сөздік қор мен термин: тип, тек, кейіпкер, образ сөздерінің мағынасын ашу
Кейіпкер (персонаж) – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ
Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез келген құбылысты (көбінесе әдеби қаһарман бейнесін) Образ деп атайды.
Образ әдеби тек тұрғысынан үш түрге:
1. эпикалық;
2. лирикалық;
3. драмалық жасалу
Эпикалық образ – шығармада толық кескінделген, болмыс - бітімі анық, дараланған образ.
Тип: Әдебиеттегі образ екі түрлі мағынада қолданылады: көркем бейне, кейіпкер, тип.
Тип – көркем әдебиеттегі жинақтау. Мысалы: Аяз бидің образы бір ғана аяз бидің емес, сол кезеңде өмір сүрген бірнеше Аяз би тектес адамның жиынтық бейнесі.
Тек: Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді.
Фабула (лат. Fabula — аңыз, әңгіме, ертегі, мысал) — көркем шығармада суреттелген окиғаны рет - ретімен жүйелеу. Фабула сюжетпен көптеген өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді:

Талқылауға арналаған сұрақтар:
- Сендердің ойларынша, кейіпкер деген кім?
- Әдебиеттегі типтік образ дегенді қалай түсінеміз?
- Әдебиеттегі тек сөзінің мағынасын түсінеміз бе?
-«Аяз би» ертегісі тегі мен түрі жағынан қандай шығармаға жатады деп ойлайсыздар?
- Ертегідегі кейіпкерлер тегі мен түрі жағынан қандай кейіпкерлер тобына жатады? (эпикалық)
- «Аяз би» ертегісінің кейіпкерлерін іс - әркеттері тұрғысынан қалай жіктеуімізге болады?

Қарағанды қаласындағы
«№12 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Мұғалімнің аты - жөні: Жакенова Кенжегуль Абдрасилкызы
Аяз би ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама