Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Әйел киімінде қаусырмалы омырауға арналған жағалар
Әйел киіміне омырау торабы – жаға маңызды роль сәндік атқарады. Форма, өлшемдер мен композициялық шешім мейлінше алуан түрлі. Әйел көйлегінің жағасы негізгі детальдардан бөлек, олармен бірге де немесе детальдардың бірімен тұтастыра пішілуі мүмкін.
Жағаның үш түрі болады: тік, қайырмалы тік және жайылмалы.
Тік жаға желке негізінде негізінен тұрады. Мұндай жаға бір тіреуден ғана тұрады, ұштары кейде бантқа, галстукқа және тағы сол сияқтыларға айналып кетеді. Қондырмалы тік жағаның қайырмасы тік бұрышты жазық болады, ұзындығы ОА=Лвор. Артқы бойлықтағы Лг с мойын ойығы мен өңірдегі омырау ойығы Лг п ұзындықтарының қосындысына тең болады. Жағаның ені ОВ=2 – 4, 5 см. Егер төменгі жаға жоғарғы жағамен тұтастырыла пішілсе, онда детальдың ені екі еселенеді. Мұндай жағалардағы негіз жіптері жағаның орта тұсындағы жүйеге 45° бұрыш арқылы өтеді. Егер жағадағы негіз жіптері жағаның орта тұсына көлбей жүргізілсе, онда жаға қайырмасы бүктетілген жазық түрінде құрылады. Жаға жиегінің ұзындығы ОА=Лвор – 0, 5d, бұл жерде d – жағаның алдыңғы ұшының көтерілуі (төмендетілуі) (d=1... 4 см, АА=d). О мен А1 нүктелері толқылмалы сызық арқылы жалғасады. Жағаның жоғарғы кесіндісі осындай қисық жүйемен түрге келеді. Жаға ұшының конфигурациясы модельге байланысты. Жағаның ені ОВ=2... 4, 5 см. Тұтастырыла пішілген тік жағалар жіңішке және биіктеу болады. Тұтастыра пішілген жағалар артқы бойлық пен өңірдегі омырау чертеждеріне құрылады.
18 − сурет, б
Артқы бойлық чертежінде А және А2 нүктелерінен жоғары жағаның биіктігін АА12= А7А21= Һ шегеріп тасталынады, мұндағы Һ=2... 5см.
Орталықтан тартылған секілді А2 нүктесінен солға қарай А21А22=1 – 1, 5 см. Пайда болған А22 нүктесі ирек сызық арқылы А12 нүктесімен және артқы бойлықтың иық кесіндісімен жалғастырылады.
Өңірдегі омырау чертежінде иық кесіндісі жүйесін оңға қарай жалғастырып, А4А41=АА12 кесіндісін шегереді.
Әдебиеттер тізімі.
1. « Әйелдер және балалар киімдерін дайындау технологиясы». Қ. Қучарбаева.
Т. Амреева, Г. Чмекеева. Астана: Фолиант 2010ж
2. «Киімді конструкциялау және тігу технологиясы» А. Асанова, Г. Тастанбекова Астана: Фолиант 2008
3. Бұйымның түйіндік өңделуі Т. Сулейменова. Астана: Фолиант 2009
4. «Ұлттық киімдерді жобалау және тігу технологиясы» С. Асанова. Астана2008ж.
5. Киімді модельдеу және көркемдік безендіру Г. Ә. Тәкішева, Б. Е. Асанова Астана: Фолиант 2008
6. «Тігін мамандығы» Б. Хамидолла, Қ. Жоламанова. Астана: Фолиант 2009
7. «Тігін бұйымының технологиясы» - Л. Куатбекова, Ү. Келесова. Астана - 2010ж.
 Үйге тапсырма: Суретке қарап сызбаны сыз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама