Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Әйелімнен сұрап келейін

Бір күні Қожаның әйелі басқа әйелдермен бірге Ақшәһар көліне кір жууға барады. Қасына нөкерлерін ертіп, көл жағасында серуендеп жүрген бір төре әйелдерге көз салып, қырындап болмайды.

— Өй, ұятсыз, несіне қарайсың? — деп Қожаның әйелі зекіп тастайды. Төре нөкерлерінен:

— Бұл кімнің әйелі? — деп сұрайды. Олар Қожанасырдың әйелі екенін айтады.

Келесі күні төре Қожаны шақыртып алып:

— Кеше бізге жолыққан сенің әйелің бе еді? — деп сұрап, үстіне киген көйлегін, келбетін сөз етеді.

— Иә, менің әйелім, — дейді Қожа.

— Мұнда жіберші, келіп кетсін.

— Оны қайтесің?

— Бір нәрсе сұрайын деп едім.

Сонда Қожа:

— Сен әуелі менен сұра, мен барып әйелімнен сұрап келейін, — депті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама