Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Айтыс, оның түрлері. Айтылу дәстүрі, жанрлық ерекшелігі
Сабақтың тақырыбы: Айтыс, оның түрлері. Айтылу дәстүрі, жанрлық ерекшелігі (9 сынып)
Сабақтың білімділік мақсаты: Айтыс тақырыбын оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлап талқылауға үйрету. Осы мақсатқа жету үшін пайдаланылатын стратегиялар біздің маңызды істерге бастайды.
Дамытушылық мақсаты: оқушыларды осы сабаққа дейінгі білетін ақпараттар мен одан кейінгі білгенін ұштастыру, жинақтау.
Тәрбиелік - оқушыларға айтыстың ерекшеліктерін таныта отырып, шешен сөйлей білуге, ізеттілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, қазақ тілі.
Көрнекіліктер: М. Әуезов, Біржан, Сара портреттері, айтыс жайында жазылған нақыл сөз, суреттер, сабаққа қажетті плакаттар, маркерлер, мәтін жолдары басылған қағаздар, интерактивті тақта, бейнекөрініс, т. б.

Сабақтың жүру барысы:
Амандасу
Сабаққа қатысымын тексеру
Ұйымдастыру:
1. Оқушыларды топқа бөлу
Қағаздар түрлі түсті оқушыларға таратып беремін де, топқа бөлемін. Осы әрекетті жүзеге асыру, ұйымдастыру ісіне 1 минут уақыт бөлемін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Шешендік сөз дегеніміз не?
2. Шешендік арнау, шешендік толғау дегенді қалай түсінесің?
3. Сол кезеңдегі би - шешендерден кімдерді білесің?

ІІІ. Жаңа сабақтың мазмұны. Топтастыру әдісі.
1. Ақындары айтысының өзіне тән ерекшеліктері
2. Айтыстың адам тәрбиелеудегі рөлі
3. Айтыстың көркемдік ерекшелігі
Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма қағаздарын таратады
Топтастыру — оқушыларды еркін ойлауға және тақырыпты ашық талқылауға бағытталған оқыту стратегиясы. Бұл — жаңа идеяларды жинақтап, бір – бірімен сабақтастыру үшін қажетті құралым. Топтастыру қызықтыруды ояту, «Айтыс» тақырыбына байланысты ой тудыруды күшейту үшін қолданылып отыр. Топтарға арнайы дайындалған мәтіндер беріледі сол мәтін
Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту
Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады., бір - біріне түсіндіреді.

IY. Постер
Алдарына дайын қағаз (плакат) қойылды. Уақыт 5 минут.
«Айтыс» тақырыбы бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза бересіз. Топпен жұмыс істейді. Ақпаратты түйіндеп айту, терең ойды, сезімді және сенімді қысқа сөзбен қамту.

Ү. Эссе немесе өлең жолдары:
«Айтыс – киелі өнер» тақырыбында эссе жазу немесе өлең жазуға 5 минут уақыт беріледі

ҮI. Сабақты қорытындылау
Айтыс - өнерлілер жарысы. Айтыс - қазақ сөз өнерінің мектебі. Тарлан ақын - елдің еркесі. Олар қысылмаған, көңілдегісін бүкпеген, батыл, айқын айтқан. « Дүниеге бір сызат түсетін болса, ол ең алдымен ақын жүрегі арқылы өтеді» деген сөзді Гете көрегендікпен айтып өткен.

ҮII. Оқушыларды бағалау
Ұсынылған стикерді толтыру критерийлер бойынша топтық және өзін - өзі бағалау. Рефлексия арқылы білімдерін тексеру.

ҮIII. Үйге тапсырма
1. «Айтыс – киелі өнер» тақырыбында эссені аяқтау
2. Тақырыптың мазмұнын баяндау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама