Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Айтқанын екі етпеу

Бір әйелге қонаққа келген құрбылары: «Осы сенің күйеуіңе деген ерекше құрметің бар. Айтқан сөзін екі етпейсің. Мүлтіксіз орындайсың. Сенің осындай халіңе әрі таңданып, әрі қызығып қараймыз», — дейді. Сонда әлгі әйел: «Мұның сырын айтып берейін сендерге», — деп әңгімесін бастайды.

«Құда түсіп, ұзату тойы біткеннен соң, мені үйіне алып кетерде күйеуім мені бір атқа мінгізіп, өзі басқа атқа мінді. Үйге келе жатқанымызда мен мінген ат аздап сүрінеді. Күйеуім атқа қарап: «Бір», — деді. Жарты жолдан асқанымызда, атым тағы бір шалынады. Күйім артқа қарап: «Екі», — деді. Тағы біраз жүріп, атым тағы бір сүрінгенде күйеуім аттың қасына келіп «Үш», — деді де, мылтықпен атты атып өлтірді. Мен: «Аттың не жазығы бар, атты неге өлтірдің?» — дей бергенімде маған қарап: «Бір», — деді. Сол күннен бері «екі» деп айтқызған емеспін», — деген екен.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама