Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Әзілхан мектепке барады
Саран қаласы, ОЖББ №4 мектеп
мектепалды даярлық тобының жетекшісі
Шаймұрат Дәмеш

Тақырыбы: Әзілхан мектепке барады.
Мақсаты: Балаларға әңгімені ықыласымен тыңдауға баулу, оқылған әңгімені дұрыс түсінуге, ойларын тиянақтау, байланыстырып, сөздік қорын байыту, сөйлеуге дағдыландыру. Әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Тәрбие жұмысының барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- (Балалар жауабы) Сәлеметпіз.
- Қазір бізде көркем әдебиет сабағы. Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарды алып оқушы ережеге сай отырамыз.

Өткенді қайталау
- Абай атамыздың «Күз» өлеңін сұрау.
Психологиялық сәт.
- Балалар күн нұрына қарай қол созып, алақанымызды жайып, төмендегі сөздерді менімен қайталаңдар.
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді!
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Сәлеметсіңдер ме, деп бір - бірімен, мұғаліммен амандасады.

Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Әңгімені оқып беру
Әзілхан мектепке барады.
Әзілхан мектепке барады. Сонда да майкесін бірде оң, бірде теріс киеді. Әжесі ылғи оң ки деп ескертеді.
- Теріс баққан деген не?
- Жолың болмайды.
- Жолы болмағаны қалай?
- Мысалы біреумен төбелесіп қалсың, сүрініп құлайсың немесе сабақтан екілік аласың.
- Түсіндім, - деді Әзілхан
- Түсінсең майкеңді оң ки.
Әзілхан таза киініп, тамағын ішкен соң, мектепке кетті. Сабақтан соң қайтып келе жатты. Бұрыштағы көк қақпалы үйден шынжырын сүйреткен сабалақ сары ала күшік шыға келді. Әзілхан тұра қашты. Күшік шәуілдеп қуа жөнелді. Әзілхан арықтан аттай беріп, құлап түсті. Сумкасы ұзаққа ұшып кетті. Кітабы да шашылып қалды. Бір апай келіп, орнынан тұрғызды. Кітабын жинасып, үстін қақты. Әзілхан үйге бода-бода болып жылап келеді.
- «Не болды?» – деді әжесі.
- «Жолым болмады».
- «Жолың болмағаны несі, біреу ұрды ма?»
- «Жоқ»- деп Әзілхан болған жайтты айтты.
- «Қап, қараң қалғыр күшігі – ай. Неғып бос қойды екен?» – деді әжесі шешіндіріп жатып.
- «Жоқ одан емес, майкемді теріс киген шығармын» - деді ол.
Әжесі өз сөзін еске алып жымиып қойды. «Қарағым зерек болады екен,» - деді іштей қуанып.
Сұрақ – жауап.
"Әзілхан мектепке барады".
- Бүл әңгімеде не туралы айтылған?
- Ал сендерге әңгіме ұнады ма?
- Әзілхан дұрыс істеді ме?
- Неліктен ол майкісін теріс киеді?
- Әзілхан неге қашты, неге жылады?
- Неліктен Әзілханның жолы болмады?

Сергіту сәті.
Иілеміз онға бір,
Иілеміз солға бір.
Тәрбиеші қарайды,
Аяққа бір қолға бір.
Балалардан әңгіменің мазмұнын сұрау.
Қорытындылау.

Қане жұмбақ шешейік
1) Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. «Сызғыш»
2) Оқу, білім азабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесі де бірнешеу,
Тиегі бар ашпалы. «Сөмке»
3) Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. «Қалам»
4) Төрт қырлы, өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ «Бор»
5) Үстінде есігі,
Өзі орындық, әрі үстел,
Оқушылар бесігі. «Парта»
6) Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан.
Жазып алам көшіріп,
Сүртем сосын өшіріп. «Тақта»
Сабаққа ерекше қатысқан балаларды бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама