Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Б. Сокпақбаев Ағаштар неге ашуланды?
Тақырыбы: Б. Сокпақбаев. «Ағаштар неге ашуланды?» (4 – сынып)
Мақсаты: 1) Оқушыларды мәтінің мазмұнымен, Б Сокпақбаевтың шығармаларымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Ағаштар жайындағы білімдерін кеңейту, мәтінді мәнерлеп оқу дағдыларын және белсенді ынталы оқуға үйрету.
2) Оқушылардың байланыстырып жүйелі сөйлеу қабілеттерін, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту.
3) Табиғатты аялауға, ұйымшылдыққа, бірлікке, жақсыны үйретуге, жаманнан жиренуге баулу.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақ көрнекілігі: Б. Соқпақбаевтың суреті, сызба, суреттер, мақал - мәтелдер, тыйым сөздер

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Мақсатымыз – білім алу
Міндетіміз - еңбектену
Білімді боп топты жару,
Білікті боп өмірге ену.

II. Үй тапсырмасын тексеру, қорыту.
- Өткен сабақта қандай шығарма оқып едік?
- Компас деген не?
- Қанатқа әкесі не сыйлаған еді?
- Компасқа қатты қызыққан кім?
- Балалар қайда барды?
- Бодан компасты не істеді?
- Боданның қылығын сен қалай бағалайсың?
- Оның орнында сен болсаң не істер едің?

IІІ. Қызығушылықты ояту. Ребусты шешу. «Ағаш»
ІV. Ой ашар.
1. Ағаштар туралы не білеміз?
2. Ағаштардың қандай пайдасы бар?
3. Қалай ойлайсың, ағаштар адамға не үшін ашулануы мүмкін?
Бүгін біз Б. Соқпақбаевтың тағы бір әңгімесі «Ағаштар неге ашуланды?» мәтінімен танысамыз.
Ү. Жаңа сабақ. Б. Соқпақбаев «Ағаштар неге ашуланды?»
Мәтіннің І бөлімін оқып беру. «...- Ә, бәлем, Алмабек, қолымызға түстің бе?- деген ашулы дауыстар жамырап естілді...» ары қарай не болар екен, өзіміз оқып танысайық.

VI. Оқулықпен жұмыс
1 Тізбектей оқыту ІІ бөлімін жалғастыру
2. Жай оқу.
VII. Ой қозғау.
- Алмабектің жіберген қателігі неде?
- Ағаштар Алмабекті қалай жазалады?
- Алмабек өзінің кемшілігін қалай түзеді?
- Егер Алмабек ағаштардан кешірім сұрамағанда не болар еді?
- Кәрі еменнің сөзін тауып оқиық.
VIIІ. Сызбамен жұмыс.
Алмабектің кінәсін толтырайық.
-------------------------------- Жас ағашты уақтылы суармады
Алмабектің айыбы ---- Түбін қопсытпады
-------------------------------- Табиғатқа қастандық жасады
-------------------------------- Ерінді
ІХ. Сергіту сәті.
Тыныш, жайлы орман ішіндегі құстардың, судың дауысы шығып
тұрады, оқушыларға көздерін жұмып, релаксация жасату

Х. Проблемалық сұрақ. Дүниетанудан оқығандарын еске түсіру, байланыстыру
1. Ағаш отырғызу не үшін керек?
2. Көгалдандырудың маңызы неде?

ХІ. Сен білесің бе? Жаңа ұғым.
Қазақстандағы адам денсаулығына ең пайдалы өсімдіктің бірі - ағаш тектес немесе бұтақ тұрпатты арша. Арша – ағаш - фармацевт. Осы өсімдік бөлетін фитоноцидтер адам денсаулығына ем болатын таза ауа тудырады. Мәселен, ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, арша жылына орта есеппен 1 тоннадан аса шаңды жұтып, айналасына 1, 5 мың литр оттегі бөліп шығарады екен. Арша орманының 1 гектары жылына 18 миллион м3 ауаны көміртегі газынан тазартып, 50 - 65 тоннаға дейін шаң - тозаңды зиянды газдардан арылтып, сүзіп отыратын көрінеді. Қазақ халқы аршаны "денсаулық ағашы" деп атайды.
Аршалар кейде 4 мың жылға дейін өсе береді. Ал, 500 - 600 жыл арша үшін қарапайым жастың бірі саналады.
ХІІ. «Жалғасын тап»
1. Ер еңбегімен....
2. Еріншек езілумен....
3.... ертеңі бітпес.
Осы мақалдардың мәтінге қатысы бар ма?
Оқушылар толықтырып жазады ( дәптерге жазып аламыз)

ХІІІ. Жағдаят.
 Бұндай жағдайда сен істер едің?

ХІҮ. Ой қорыту.
Балалар міне біз бүгін ағаштардың пайдасы және қасиеті туралы көп айттық,
ендеше осы ағашқа байланысты мынадай тыйым сөздерді білеміз бе, білмесек естеріңе сақтаңдар:
- жалғыз ағашты кеспе
- жас бұтақты сындырма
- көк шөпті жұлма
ХҮ. Топтастыру. Сызбаға сүйеніп, Б. Соқпақбаевтың шығармаларына талдау жасайық.
XҮІ. Сабақты қорытындылау.
Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқығанда өзіңе қандай ой түйдің?
XҮІІ. Үйге тапсырма. Мәтінді оқу, мазмұндау. Алмабектің жайқалып өскен ағашының суретін салу.
XҮІІІ. Оқушыларды бағалау. Сабақты аяқтау.

Б. Батырбекова атындағы жалпы орта мектебі кмм
Бастауыш сынып мұғалімі Маймақова Қаламқас Сұлубекқызы
Б. Сокпақбаев Ағаштар неге ашуланды? жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама