Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Бабадан қалған бар байлық
Бабадан қалған бар байлық

Түсінік хат
Элективті курсының «Бабадан қалған бар байлық» бағдарламасы орта мектептің 9 - 11 - кластарына арналып құрылған. Бұл бағдарлама оқушылардың білімін тереңдете отырып, олардың жан - жақты дамуына, халқымыздың салт - дәстүрін сақтауға және құрметтеуге баулиды.
Мұндай сабақтардың ерекшелігі: оқушының өзіне деген сенімділігін арттырады, өзін еркін ұстай білуге баулиды, оларды шығармашылық жұмысқа бағыттайды, қызығушылығы мен қабілетін арттырады, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Сабақтың қызықты, тартымды өтуі оның дұрыс ұйымдастырылуына, жоспарлануына байланысты. Бұл бағдарлама орыс мектептеріндегі жоғарғы сынып (9 - 11 - сынып) оқушыларына арнап шығарылған.
Болашақ азаматтарды жан - жақты, қабілетті адам етіп тәрбиелеуде халықтың салт - дәстүрлерінің тәрбиелік, танымдық маңызы зор.
Дәстүр ұрпақтан - ұрпаққа, атадан балаға көшетін тарихы қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер жиынтығы. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты болады. Ата - ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттік сезімдер барлық халықтарға тән дәстүр ретінде қалыптасады.

Элективті курс жұмысының мақсаты, міндеттері:
• Қазақ халқының әдет - ғұрпы, салт - дәстүрлерін жас ұрпаққа үйрету;
• Сөз мәдениетін таныту;
• Пікірталас мәдениетін жетілдіру;
• Оқушының тілін дамыту, тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
• Ұлттық сана - сезімі мол, рухани деңгейі биік, әдепті, саналы адам тәрбиелеу;
• Ұлттық таным шеңберін одан әрі кеңейтіп, түсініктерін молайта отырып, оқушылардың өзіндік дүниетанымын қалыптастыру.

Бұл бағдарламаның мазмұны ғасырлар бойы атадан балаға беріліп келе жатқан салт - дәстүрдің, тәрбиелік әдет - ғұрыптың түрлерінен тұрады. Алған білімдері тест, мәнжазба, баяндама, шығарма сияқты тапсырмалар арқылы тексеріліп, бағаланады.

Элективті курс бағдарламасы бойынша күтілетін нәтиже:

• Ұлттық салт - дәстүрдің түрлерін біліп, оны толық түсіну;
• Өз бетінше қосымша мағлұматтар іздеп, оны саралап, ең керекті деген ой түйіндерін жеткізу;
• Пікірталаста өз ойларын ортаға салып, ойын толық жеткізу;
• Өмірде мақал - мәтел мен қанатты сөздерді пайдалана білу;
• Ана тіліне құрметпен, сүйіспеншілікпен қарау;

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама