Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Балабақша балаларына арналған ертеңгілік жаттығулар топтамасы
Балабақша тәрбиешілеріне арналған оқу құралы.
Орыс тілінен ықшамдап аударған
Дюсемалиева Гүлсім Жексенқызы

1. Ойын «Маған қарай жүгіріңдер» - бір бағытта топ болып жүру.
2. Бытырап жеңіл – желпі жүгіру - торғайларға ұқсап ұшамыз
3. Тәрбиешінің көмегімен шеңберге тұру.
4. Бастапқы қалып. Қолды артқа жіберіп, аяқты сәл ашып, тіке тұру.


Тәрбиеші: «Сендердің қолдарың қайда?»-- дегенде балалар қолдарын алға созып: «Міне біздің қолдарымыз» - дейді. 5 - 6 рет қайталау.
5. Б. Қ. Бастапқы қалып. Қолды артқа жіберіп, аяқты сәл ашып, тіке тұру. Тәрбиеші «Аяғымызды жасырамыз» дегенде, отырып, аяқтарын құшақтайды. «Аяқтарың қайсы»-- дегенде орындарынан тұрып, бір жерде тұрып аяқтарын топылдатып –«Міне, біздің аяқтарымыз» - дейді. 5 - 6 рет қайталау.
6. Б. қ. Қолды белге қойып, аяқты алшақ қойып, тіке тұру. Аяқты сәл бүгіп, үздіксіз отырып – тұру. 6 – рет қайталау.
7. Өкшені көтеріп жеңіл – желпі жүгіру.
8. Бөлмеде топ болып тәрбиешінің артынан жүру.

(15. 09 -- 30. 09 аралығы)
1. Топ болып тәрбиешінің артынан жүру.
2. «Құстар ұшады» ---- бытырап жеңіл – желпі жүгіру.
3. Тәрбиешінің көмегімен шеңберге тұру.
4. Б. қ. Қолды жіберіп, аяқты сәл ашып, тіке тұру. «Құстар қанат қағады» -- Қолды жанынан иық деңгейіне дейін көтеріп, төмен түсіріп «шықылықтау». 4 - 6 рет қайталау.
5. Б. қ. қолды белге қойып, аяқты айқастырып, еденге отыру. Оңға бұрылып, солға бұрылып, б. қ. келу.
6. Б. қ. Қолды артқа қойып, аяқты сәл ашып, тіке тұру. «Құстар шоқиды» -- алға қарай еңкейіп саусақты тізеге соғып: «Шоқимыз»- деп б. қ келу. 4 - 6 рет қайталау.
7. Б. қ. қолды жіберіп, аяқты қосып, тіке тұру. «Құстар секіреді»-- екі аяқпен жеңіл секіру, «құстар ұшады» -- қалаған жақтарына қарай жүгіру.
8. Шағын топ болып тәрбиешінің артынан жүру.

Қазан айы
( 01. 10 -- 15. 10 аралығы)
1. «Тоқта» деген белгі берілгенше топ болып бір бағытта жүру. 2 - 3 рет қайталау. Әрбір балаға екеуден сылдырмақ беру.
2. Сылдырмақпен жүгіру және бір жерде тұрып оң және сол аяқпен кезекпе – кезек топылдату.
3. Еркін тұру.
4. Б. қ. қолға сылдырмақ ұстап төмен қарай жіберіп, аяқты сәл алшақ қойып, тіке тұру. Тәрбиеші: «Сылдырмақты көрсетіңдер» дегенде балалар қолдарын жанына жіберіп, алдына қарай созып «Міне» -- дейді. Тәрбиеші: «Сылдырмақты жасырыңдар» -- дегенде балалар сылдырмақты артына жасырады. 4 -- 6 рет қайталау.
5. Б. қ. жоғарыдағыдай. Отырып, сылдырмақпен еденге соғып: «Тук – тук»деп айтып түрегелу. 4 – 6 рет қайталау.
6. Б. қ. қолды жіберіп, аяқты қосып, тіке тұру. Бір орында тұрып біір уақытта сылдырмақты сылдырлатып қос аяқпен секіру, жеңіл – желпі жүгіру.
7. Топ болып бір бағытта жүру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама