Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Балабақшам – алтын ұям
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Ғ. Мұратбаев ауылындағы № 15 "Балдәурен" балабақшасының
әдіскер - тәрбиешісі Жұлдызбаева Гүлбану

«Балабақшам – алтын ұям» атты балабақшамен қоштасу кеші

1 - Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата - аналар. Баршаңызды 1 - маусым балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен № 15 «Балдәурен» балабақшасының ұжымының атынан құттықтаймын. Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілей отырып, мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2 - Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді халайық! Сау - саламат барсыздар ма құрметті кеш қонақтары?! Баршаңызды біздің балабақшамызда бүгінгі өтіп жатқан «Құлагер» мектеп алды тобының дайындаған «Балабақшам – алтын ұям» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

І. Хор. Әнұран «Менің Қазақстаным»
1 - жүргізуші: Құттықтау үшін сөзді:
1. Балабақша меңгерушісіне
2. Ауыл әкіміне
3. Ата - аналарға
4. Мектеп мұғалімдеріне сөз беріледі.

2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгін сіздер 1 - маусым балаларды қорғау күні және 2007 - 2008 оқу жылындағы «Құлагер» мектеп алды тобының «Балабақшам – алтын ұям» атты балабақшамен қоштасу кешіне келіп отырсыздар.
«Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» дейді халық.
Дүниеде баладан артық қуаныш жоқ.

Балғындардың күлкісіне бөленген
Бар қызықты дәл осында көрем мен
Бүгін де думан біздің балабақшамыз
Жеткізе аламын сөз бен де өлеңмен.

«Құлагердің» балалары қалмас бірін жасқанып
Көрсетеді бар өнерін ақтарып
«Балабақшам – алтын ұям» аталған
Ал, халайық, кешімізді бастадық.

ІІ. Ән. «Ертегілер»
1 - жүргізуші:
Ерте, ерте, ертеде
Ерте емес - ау бүгінде
Осы заман күнінде
Хан қызы мектепке бармаймын деп шатақ салыпты. Ашуға мінген хан уәзірін жанына шақырыпты.

Хан: - Ей, уәзір, мында кел менің қасыма
Күн тудырам басыңа.
Уәзір: - Әміріңізге құлдық, тақсыр!
Хан: - Менің қызым мектепке бармаймын деп шатақ салып жатыр. Кім де кім менің қызымның көңілін көтеріп, мектепке баруға көндірсе ат басындай алтын беремін.
Уәзір: - Бұйрығыңыз орындалады, тақсыр

2 - жүргізуші: Уәзір әрі іздейді, бері іздейді ақыры іздегенін табады.
Уәзір: - Уа, хан ием! Сүйінші! Іздегеніңіз табылды!
Хан: - Қайдан?
Уәзір: - Сонау Қазалы шаһарында, Ғ. Мұратбаев атындағы ауылда № 15 «Балдәурен» балабақшасы бар екен. Сондағы балалар өте көңілді екен. Ондағы балалар балабақшамен қоштас кешін өткізгелі жатыр екен.
Хан: - Балабақша деген не?
Уәзір: - Сізге қызмет көрсетуге балабақша ұжымын осында алып келдім.
Хан: - Енді қайда ол?
- Өзін көрсем бола ма?

1 - жүргізуші: Құрметті хан! Балабақша – бүлдіршіндерге арналған үлкен ғимарат сарай. Ол сарайда қызмет көрсететін адамдар, яғни біз боламыз.
(Сол кезде қатысушы балалар ортаға шығады.)
Мына балалар балабақша тәрбиеленушілері, сіздің қызыңыз сияқты балалар. Сіздер олардың көңілді, қуанышты сәттерін тамашалаңыздар!
Хан: - Сонда менің қызымды мектепке баруға қалай көндіресіңдер?
2 - жүргізуші: - Би билейміз, ән шырқаймыз. Мына мектепке баратын балалардың «Балабақшам – алтын ұям» атты кешін тамашалаңыздар. Содан соң қызыңыздың көңіл - күйін көтере жатармыз.
Хан: - Онда не тұрыс?! Бастаңдар!

1 - жүргізуші:
Ән көңілдің ажары емес пе еді
Пәк көңілді жіберер желпіп тегі
Ән құдіретін сезінген Абай атам
«Құлақтан кіріп бойды алар» демеп пе еді.

ІІІ. Хор. «Біздің бала бақшамыз»

2 - жүргізуші: Бейбіт таңдар арайлап атады,
Туған жердің аймалайды шапағы
Байтақ елім, ұлы Қазақстаным,
Ең бақытты балалардың Отаны!

IV. Тақпақтар
Әлпештеген аялаған
Бола білген сая маған
Алақаны аялы анам,
Балабақшам – алтын ұям! (Збира)

Балғын сәби бала жастан
Перзентіңдей бауыр басқан
Көрем сені өз үйімдей
Алтын ұям – Балабақшам! (Жансая)

Күнде күтіп алады есігің
Сенен болар бар несібім
Тәрбиеңмен тербетемін
Балабақшам – тал бесігім! (Данияр)

Балапан ем былдырлаған
Пәк күлкісі сыңғырлаған
Ашып ыстық құшағыңды
Тәрбиеңді бердің маған (Мико)

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама