Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Балалар мен Ата-аналар арасында өткен ұлттық ойындардан жарыс
«Денсаулық» ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті
Балалар мен Ата - аналар арасында өткен ұлттық ойындардан жарыс
Мақсаты: Балалардың мереке кезіндегі белсенділігін, көңіл - күйлерін көтеу, төзімділіікке баулу, қабілетін ептілігін шапшаңдылығын дамыту. Ұлттық ойындарға деген сүйіспеншіліктерін ояту., балалар мен ата - аналар арасындағы түсінушілік қарым - қатынасқа достық сезімге тәрбиелеу, жеңіске жетсем деген талпыныстарын қалыптастыру, ойын барысында алалардың ойлау қабілетін, тілін, ақыл - ойын дамыту.
Көрнеклігі: Каманда эмблемалары, қамшы, ұзын таяқша, асықтар, орамал, арқан.
Ойынның барысы: Зал мерекеге сай безенділілген, көңілді әуенмен ата - аналар кіреді.
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар, бүгінгі мерекеге сіздерді қолдап қошеметтеп отыруға қонақтар келіп отыр, көңіл бөліп амандасайық. Жарысымызды бастамай тұрып бірнеше жаттығулар жасап денемізді қыздырып алайық. Балаларды қолдарынан ұстап, екі жаққа созу, аяқ ұшына тұру.
1. Оңға - солға бұрылу бір - біріне қарап жымия күлу.
2. Бір - біріне бұрылып арқасымен тұру, бастарын бұрып қарау.
3. Аналары тізеге отырады, балалар айнала жүгіреді.
- Мінекей, енді жарысқа дайынсыңдар ма? Бүгінгі жарысқа екі команда қатынасады, қарсы алыңыздар.

- Енді команда капитандарына сөз берейік.
1. Біздің команда(бәрі) –«Сұңқар»
Біздің ұран: Біз батырмыз
Біз батылмыз!
1, 2, 3, Достықта біздің күш.
2. Біздің команда – « Тұлпар»
Біздің ұран: Тұлпардай шабамыз
Сұңқардай ұшамыз,
Бүгінгі жарыста,
Жеңеміз ұтамыз.
Жүргізуші: Екі команда бір - бірімен танысты, енді негізгі тапсырмаларға көшейік.

1 - тапсырма: « Ат жарыс». Балалар аналарының арқасына атша мініп, қолдарына қамшы ұстап « атшу» деп жарысады.
2. «Арқан тарту»
3. «Қыдырымпаз бақа»
4. «Киіз үй» бірінші балалар, екінші аналар тобы шаңырақты көтеру керек.
Дөңгеленіп тұрамыз
Керегені құрамыз,
Бір шаңырақ астында,
Балалармен тұрамыз.
4. Капитандарға тапсырма. «Асық жинау» аналар көздері байлаулы.
5. Командаға тапсырма, Қай топ әр түрлі бейнеден тез пирамида жасайды.
Жүргізуші: Бүгінгі жарысымыз аяқталып келеді қазір дөңгеленіп отырайық та, иого элементтерінен жаттығулар жасайық.
1. Малдас құрып отыру, қол тізеде алақанды қосып жоғары көтеру, дем алу, дем шығару.
2. Арқаға жату, қолды созу дем алу, дем шығару.
Релаксация
- Ал енді бәріміз орнымыздан тұрайық, бүгінгі жарысымыз аяқталып қалды. Бүгін екі команда да өте жақсы жарысты, Ата - аналарға көптен - көп рахмет айтамыз.
Бәрі бірге « Әр қашан күн сөнбесін» өлеңін айтады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама