Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Балалар мен мұғалім

Екі бала келе жатып бір кітап тауып алды. Бірі айтты: «кітап менікі», не үшін десең, мен сенен бұрын көрдім. Бірі айтты: «Жоқ, кітап менікі, не үшін десең, мен сенен бұрын жерден көтеріп алдым. Осылай балалар кітапқа таласып жатқанда оларға бір мұғалім келді де, балалардан сұрады: оқи білесіңдер ме? деп.

Балалар: «жоқ, оқи білмейміз» — дейді, «егер оқи білмесеңдер, кітап сендерге неге керек, бұл кітапты мен алайын, қай бұрын оқи білгеніңе берермін» — деді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама