Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Балаларға сенімсіздікпен күрес немесе батыл болуды үйрету
Балаларға сенімсіздікпен күрес немесе батыл болуды үйрету

Сенімсіздік. Ұяңдық. Жоқ, бұл мен туралы емес дерсіз. Күнделікті тірлікте кез - келген адаммен тез тіл табысып кетесіз, дос - жарандарыңыз, таныстарыңыз да жетерлік делік. Иә, әрине, кейде батылыңыз жетпейтін сәттер де болады. Танымайтын ортада немесе қызметтестер арасында сөз сөйлеуге тура келген кезде көптеген адамдар ұялып, ыңғайсызданады. Сіз оны орынды деп санайсыз. Мұның астарында адамның өзіне деген сенімсіздігі тұр. Мінезінің жуастығынан немесе батылсыздығынан адамға тағдырдың кейбір сыйынан бас тартуға тура келеді. Бұл сіздің жұмысыңызға кері әсерін береді. Адам кейде түрлі сәтсіздіктерге ұрынып жатады. Ондай кезде сенімнен айырылмауға тырысу қажет. Сенімсіз адам ілгеріге де күмәнмен қарайды.
Сенім – адамға қажетті қасиет. Бұл арқылы атқаратын іс, арман қиялының орайы келеді, сенім – адамды түрлі тығырықтардан алып шығарған.
• Бірнеше қағаз алып, оған өзіңіз тайсақтайтын, қорқатын, батылыңыз жетпейтін нәрсені жазып, тіпті суретін салып үй бөлмелеріне іліп қойыңыз. Сол кезде бақылап отыра, қорқынышты емес, керісінше күлкілі болып көрінеді.
• Ішкі дүниеңізден кілтін ашыңыз. Кез келген мүмкіндігі бар сәтте адамдармен көбірек әңгімелесуге ұмытылыңыз.
• Сенімсіздікпен, ұяңдықпен күресіп, жиі тілдесіп, талдау жасаңыз.
• Қай уақытта да өз - өзіңізді қорғай біліңіз.
• Көпшілік орындарға жиі баруды әдетке айналдырыңыз, көптің бірі екеніңізді сезініңіз.
• Сенімсіздіктен арылуда ұрыс - керіс, түсініспеушілік жиі ұшырасатын орындардан аулақ болыңыз.
• Көбінесе жүзінен жылулық төгілген адамдармен тіл табысуға тырысыңыз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама