Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Баланы тәрбиелеудегі ата - ана рөлі
Тақырыбы: Баланы тәрбиелеудегі ата - ана рөлі
Мақсаты: Елінің ертеңі болар, білімді де саналы ұрпақты тәрбиелеу.

Тәуелсіздіктің алтын тәжін киіп, тіліміз мемлекеттік мәртебе алғалы халқымыз еңсесін көтере бастады, ал еңсесін көтерген елге алдымен сапалы оқу - білім керек.
Болашақ тізгінін ұстар, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынан туындап отыр. Осы ұлы мақсаттарға жету жолында киелі де қасиетті екі түсінік бар.
Бірі, баланың бастапқы тәрбие мектебі алтын бесік - отбасы болса, екіншісі, алтын ұя мектеп. Бұл екі ортаның да мақсаты – мүддесі ортақ. Отбасы, ата - ана адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып жетілдірсе, адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Бұл киелі жерде қызмет ететін мұғалім мен ата - анаға жауапкершіліктің үлкен жүгі артылған.

Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көрегендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті тәлім - тәрбиенің іргетасы ата - ана арқылы отбасында қаланады. Дана халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соңы ілерсің» демекші, ата - ананың әрбір іс - әрекеті балаға үлкен сабақ. Бала – ата ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Ата - ананың киім кию, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы, өзгеге деген ілтипаты, үй ішіндегі тазалық пен тәртіп, сыпай мінез, мейірімділік, төзімділік, балаға деген сүйіспеншілік тәрбие барысында оң нәтижесін берері анық.
Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала жанұяда алады. Жанұя - әр бала үшін алтын бесік.

Жаста берген тәрбие жас шыбықты игендей

Бала, Отбасы, Мектеп
Талап, Намыс, Арман

Бала нені білсе жастан, ұядан
Өле - өлгенше соны таныр қиядан
«Өнеге күші өлшеусіз» деген. Отбасында әдемі таным, түсінік қалай қалыптасса, адамның бойында қалатын сол қасиет. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Қазіргі отбасының басты қызметі мен міндетіне тоқталайын:

Басты қызметі:
♦ Тәрбиелік
♦ Рухани адамгершілік
♦ Танымдық - білімділік
♦ Тұрмыстық
♦ Еңбек
♦ Тұлғаның өзіндік тәжірибесіне ынталандыру
♦ Қорғау

Басты міндеті:
♦ Бала денсаулығына қамқорлық жасау
♦ Оқуына көмек көрсету
♦ Мамандық алуына көмектесу
♦ Тұлғаның әлеуметтенуіне көмектесу
♦ Ізгі эмоционалды - адамгершілік қатынас тәжірибесін қалыптастыру
♦ Қызығушылығы, қабілетті, бейімділігі мен шығармашылығын қалыптастыру
Демек балаларға үлгі көрсете отырып, оқытып, тәрбиелеуіміз керек. Егер ертеңгі болашағымыз жарқын болсын десек «жаста берген тәрбие, жас шыбықты игендей» деген ата тәрбиесі «Балаға үміт арту - әкенің парызы, ақтау баланың қарызы» деген мақал осыған байланысты туған. Әрбір ата - ана баланың асыл азамат болып өскенін қалайды, бұл үшін қолынан келгеннің бәрін істейді.
Бала тәрбиесінде мына тұжырымды ұстансақ ісіміз өз нәтижесін бере алады.
● Бала мектеп үшін, мектеп бала үшін жұмыс істейді
● Баға құнды емес, бала құнды
● Ұстаз қызметінің мақсаты өз пәнін жақсы үйретуден гөрі, тереңіректе, ол - адамды қалыптастырушы адам
● Бала тағдырына ойланып қара, сабаққа келмесе себебін біл, тентек болса, себебіне үңіл
● Балаңыздың ықыласын оят, қолынан іс келетініне сендір
Балалар ел болашағы, сондықтан да баланың кішкене кезінен патриоттық сезімін тудырып әрдайым баламен ақылдасып, өзіне ерік беріп отырған жөн. Сонда бала өзіне сенімді, тапқыр азамат болып өседі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама