Балдырлар. Біржасушалы және көпжасушалы балдырларға сипаттама
Сабақтың тақырыбы: § 32. Балдырлар. Біржасушалы және көпжасушалы балдырларға сипаттама.
Биология 6 - сынып.
Сабақтың мақсаты: Балдырлар, олардың әртүрлілігі, біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың тіршілік әрекеті жөнінде түсінік беру.
Білімділігі: Оқушылардың білім - біліктілігін сұрақ арқылы анықтау.
Дамытушылығы: Оқушыларға қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру. Сөздік қорын ой – өрісін дамыту.
Тәрбиелігі: Табиғатты сүюге, оның байлығы мен берекелі тіршілігін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: Білімді жүйелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, плакаттар, карточкалар.
Басқа ғылыммен байланыстылығы: География, медицина, химия.
Сабақтың әдісі: Ауызша сабақ, сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын еске түсіру, тексеру
III. Жаңа сабақ.
Теңізде өсіп тұған ол бір орман,
Жел соқса теңіз үшін болған қорған.
Ризоиды арқылы бекінеді,
Ертеден халық бұдан йод алған.
Бұл не?- (Балдыр)
Балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктер. Олардың біржасушалы, көпжасушалы түрлері болады. Көпжасушалы өсімдіктердің денесін таллом деп атайды. Балдырлардың жасушасы көбіне бір ядролы, цитоплазмада органоидтары мен вакуолі және түсі әртүрлі болатын хроматофорлары болады. Балдырлар өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Бір жасушалы жасыл балдыр хламидомонада жыныссыз көбейгенде жасушасы брнеше рет екіге бөлініп, зооспора түзеді. Хламидомонада мысалымен жыныстық үдерісті алғаш 1875 ж орыс альгологы Н. Н. Горожанкин дәлелдеді. Бұл кезде цитоплазма бірнешеге бөлініп, гаметалар пайда болады. Гаметаның қосылуынан пайда болған зигота бұйығып, зооспора түзеді. Хлорелланың екі талшығы мен қызыл көзшесі болмайды. Сонымен қатар, тек споралар түзіп, жыныссыз көбейеді. Біржасушалы балдырдың көпшілігі фитопланктон құраса, көпжасушалы жасыл балдырдың өкілдері спирогира мен улотрикс ағын сулардың фитобентосын түзеді. Диатомды балдырлардың да біржасушалы түрлері бар. Көпжасушалы қызыл және қоңыр балдырлар теңіздерде өседі. Тағам өнеркәсібінде пайдаланылатын ламинария сияқты өкілдері су түбінде ризоидтарымен бекінеді. Балдырлар сонымен қатар, медицина мен түрлі өнеркәсіп салаларында да қолданылады.
Хламидомонада тоқтау суларда тіршілік етеді. Жасуша қабырғасы жасунықтан (целлюлозадан) тұрады. Хроматофоры астау тәрізді екі талшығы, жиырлығыш вакуолі қызыл көзшесі болады. Оттегімен тыныс алады. Көбеюі жынысты және жыныссыз. Жыныссыз көбею 2 - ге, 4, 16, 32 - ге бөлініп, әрқайсысы сонша есе кішірейген хламидомонадаға айналады. Оларды зооспоралар деп аталады. Жынысты көбеюде жасушадағы цитоплазма бірнешеге бөлінеді.
Хлорелла хроматофоры жазық астау тәрізді. Талшығы және қызыл көзшесі болмайды. Жыныссыз көбейеді. Хлорелла бірнеше рет ғарышта болып қайтты. Тәжірибелер жүргізілді.
1. Хлорелла суда өседі. Оған су қажет. Ғарыш кемесін ауырлатады.
2. Хлорелла өсетін ыдыс герметикалық болу керек.
3. 100г хлорелланы күніне үшмезгіл тамаққа қосып бергенде, 1 апта өткен соң адамдар мазасыздана бастады. Хлорелланың жасуықты жасуша қабықшасын адамның асқорыту мүшелері қорта алмаған. Жапонияда хлорелладан нәруыз бен витаминдер алынды.
Хлорококк топырақта, ағаштың діңдерінде өседі. Құрылысы хломидомонадаға ұқсас. Хлорококк топырақ түзуге қатысады.
Көпжасушалы жасыл балдыр - спирогира. Тұщы суқоймаларында, теңіз суларында кездеседі. Табиғатта 13 мың түрі бар. Таспа пішінді хроматофоры оралма тәрізді. Өсімді және жынысты жолмен көбейеді. Улотрикс жіп тәрізді жасыл балдыр. Хроматофоры жалпақ білезік тәрізді болып келеді. Жынысты және жыныссыз көбейеді.
Балдырлар. Біржасушалы және көпжасушалы балдырларға сипаттама. жүктеу