Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Бақа
1 - сынып сауат ашу пәні
Сабақтың тақырыбы: «Бақа»
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушылардың өткен білімін тиянақтау, «Бақа» өлеңімен таныстыру, бақа туралы
түсінік беру.
2) Өлеңді мәнерлеп оқу, рөлге бөліп оқу дағдысын дамыту, сөздік қорларын
дамыту, ойын, дүниетанымын дамыту.
3) Оқушыларды адамгершілікке, жануарларды қорғауға, тапқырлыққа, әдемі жазуға
тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, түсіндіру, проблемалы оқыту.
Көрнекілігі: слайдтан суреттер, бақа туралы деректер көрсету, психологиялық
дайындық, сергіту сәттері.
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Психологиялық дайындық.
1 - слайд
Қатар қатар тізіліп,
Оқушыға лайық
Түп түзу боп тұрайық.
1 - қатар жәй отыр!
2 - қатар сен де отыр!
3 - қатар тез отыр!
- Балалар, қазір біз де әліппе сабағы.
3. Үй тапсырмасын тексеру
1) «Күншіл үйрек» ертегісінің мазмұнынын айту.
2) «Жасырын сөзді табайық» ойыны.
А) «Күншіл үйрек» қандай шығармаға жатады?
б) Сіздерге қай құс ұнады? Неге?
В) Түлкі неге аққуды жей алмады?
Г) «Біреуге ор қазсаң, өзің түсесің?» деген мақалды қалай түсінесің?

4. Жаңа сабақ
1. Бақа сөзіне дыбыстық талдау жасау.
2.«Ой қозғау стратегиясы» бойынша бақа туралы ойларын сұрау.
3. Бақа туралы толығырақ түсінік беру.
2 - слаид (Бақа туралы деректер)

Оқулықпен жұмыс
• А) Өлеңді оқып беремін.
Сөздік жұмысы 4 - слайд
Бақа - ұзындау артқы аяқтары секіруге бейім келген құйрықсыз жануар.
Балпақ - толық денелі, балпиған жануар.
Жалпақ - үлкен, ірі, жалпиған
Тостақ - үлкен, дөп - дөңгелек.
Талтақ - екі аяқтың қисайып бітуі.

Тізбек бойынша оқыту
Рөлге бөліп оқыту (Cұрақ қоюшы және бақа)

Сергіту сәті 5 - cлайд
Бақа тұрып ертемен,
Күлімсіреп керілді.
1 - ші сумен бетін жуды,
2 - ші шыр айналып бұрылды,
3 - ші еңкейіп жерге отырды.
«4» дегенде секіріп кетті.
Дәптермен жұмыс
(Сұраққа жауап беру)

4. Қорыту.
«Ой қозғау» стратегиясы
Бақаның пайдасы туралы айту
5. Үйге тапсырма
«Бақа» өлеңін жаттау.
6. Оқушыларды мадақтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама