Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Бақылау жұмысы " Ішкі энергия"
8 сынып
Бақылау жұмысы «Ішкі энергия»
1 деңгей
1 нұсқа
1. 20 0С - дегі, әлде 100 0С - дегі 1л судың қайсысының ішкі энергиясы көп?
2. Неге жылыту қондырғысын терезенің төменгі бөлігіне орналастырады?
3. Тағамды тоңазытқышқа қойды. Оның ішкі энергиясы қалай өзгерді?
2 нұсқа
1. Төмендегі құбылыстардың қайсысы механикалық, қайсысы жылулық:
а) дене жерге құлады;
ә) су буланды;
б) автомобиль қозғалысы;
в) атмосфераның қалың қабатына енген жердің жасанды серігі қызды.
2. Алюминий, әлде фарфор ыдыстың қайсысынан шай ішкен ыңғайлы? Неге?
3. 1 кг ағашты, әлде 1кг торфты жаққанда қайсысы көбірек жылу береді?

2 деңгей
1 нұсқа
1. Егер сулы қолмен сәл ғана үтікке жақындатсаң, неге күйік алып үлгермейсің? (қайталап көруші болма)
2. 1 кг болатты 2 0С - ге қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет?
3. Құрғақ отын толық жанғанда 50 МДж энергия бөледі. Жанған отынның массасы неге тең?
2 нұсқа
1. Стақан компот па, әлде стақан кисель тезірек салқындайды?
2. Массасы 50г алюминий қасықты 20 0С - ден 90 0С - ге дейін қыздыру үшін, қанша жылу қажет?
3. Көлемі 5л керосин толық жанғанда қанша жылу бөлінеді? (керосин тығыздығы 800 кг/м3)

3 деңгей
1 нұсқа
1. 100 0С - дегі суға қарағанда бу қатты күйдіреді. Неге?
2. 3 кг суды неше градус Цельсийге дейін қыздыруға болады, егер оны қыздыру үшін 10 г спирт жанса?
3. Көлемі 50м3 ауаны 8 0С - ден 18 0С - ге дейін қыздыру үшін массасы 1, 5т пеш неше градусқа салқындауы тиіс?
2 нұсқа
1. 4000м биіктіктегі тау шыңында су 86 0С - де қайнайды. Түсіндір.
2. 40 кг отын жанғанда алынған энергияның жартысы суды 10 0С - ден 60 0С - ге дейін жұмсалса, қанша суды қыздыруға болады?
3. Температурасы 35 0С - дегі 2кг судың температурасын 65 0С - ге жеткізу үшін қанша ыстық су құю керек?

4 деңгей
1 нұсқа
1. Кесеге ыстық кофе құйды. Кофе тезірек суу үшін, сүтті бірден құю керек пе, әлде біраз уақыт күту керек пе?
2. Температурасы 20 0С - дегі 200г суды, температурасы 10 0С - дегі, массасы 300г темірге орналастырды. Тұрақталған температураны анықтаңдар.
3. Массасы 0, 42 кг құрғақ отын жанғанда бөлінетін энергияны 20 0С - ден 70 0С – ге дейін қыздыруға жұмсалса, қанша суды қыздыруға болады?
2 нұсқа
1. Құрғақ жерге қарағанда өзен және көлдер баяу қызады?
2. Температурасы 10 0С, массасы 300г салқын суға, қайнаған суға қыздырылған массасы 1кг мыс білеушені салды. Су температурасы қаншаға көтеріледі?
3. Массасы 10кг темір қазандағы 50л суды 15 0С - ден 65 0С - ге дейін қыздыру үшін қанша ағаш отынын жағу керек?

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама