Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Бақылау үзігі (1 тоқсанда өтілген тақырыптарды қорытындылауға арналған)
Бақылау үзігі (1 тоқсанда өтілген тақырыптарды қорытындылауға арналған)

I - нұсқа
I. Тест
1. Ағза мен мүшелердің пішінін, құрылысын зерттейтін ғылым.
А) физиология
В) анатомия
С) гигиена
Д) медицина
2. Жасушаны зерттейтін ғылым қалай аталады?
А) гистология
В) эмбриология
С) цитология
Д) эндокринология
3. Құрамында ферменттері бар, жасуша үшін өз маңызын жойған заттарды бұзып, ыдырататын, бір мембраналы, шар тәрізді құрылымдар қалай аталады?:
А) лизосома
В) рибосома
С) гольджи жиынтығы
Д) эндоплазмалық тор
4. Жасуша мембранасының қызметі:
А) Жануар крахмалын, органикалық заттар бөлу
В) Қорғаныш, тасымалдау, біріктіру
С) ЭПТ бөлу
Д) Көбею
5. Цитоплазмада қанша су болады?
А) 55 - 60%
В) 80 %
С) 30 - 40 %
Д) 100%
6. Жасуша құрамындағы бейорганикалық заттарды ата:
А) нәруыз, май, минералды тұздар
В) су, минералды тұздар
С) нәруыз, май және көмірсуулар
Д) нуклеин қышқылдары
7. Құрылысы, қызметі ұқсас жасушалар жиынтығы қалай аталады?
А) жасуша
В) ұлпа
С) мүше
Д) мүшелер жүйесі
8. Эпителий ұлпасы қандай қызмет атқарады?
А) тірек
В) ақпараттық
С) қорғаныштық
Д) тасымалдау
9. Сіңірлер мен терінің негізін құрайтын ұлпа:
А) дәнекер
В) эпителий
С) бұлшықет
Д) жүйке
10. Бұлшықет ұлпасына тән қасиет:
А) жиырылғыштық
В) біртұтастық
С) бірізділік
Д) дистанттық

II. Бос орынды толықтыр
• Жүйке жасушасы - _____________ деп аталады.
• Жүйке жасушасының қысқа өсіндісі _____________, ұзын өсіндісі ____________ деп аталады.
• Ішкі секреция бездеріне жатады: ___________________________________________.
• ____________ - ішкі секреция бездерінен бөлінетін және ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар.
• Өсу гормоны артық бөлінсе ____________, ал аз бөлінсе ______________ ауруына шалдығады.
• Ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі - ____________.
• Қалқанша безден ___________ гормоны бөлінеді, онда _______ болады.
• ___________ без – ағзада иммундық жүйенің орталық мүшесі болып табылады.
• Оң жақтағы бүйрек үсті безінің пішіні - _________, сол жақтағының пішіні __________.
• Айырша без (тимус) бөлінетін гормон ___________ деп аталады.
• Инсулин жетіспегенде болатын ауру ______________.
• Ер адамдардан бөлінетін жыныс гормоны ____________, әйелдердің жыныс гормондары _______________.
• Жүйке жүйесінің маңызы __________________________.
• _____________ - сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның жауап қайтару реакциясы.
• Жүйке жүйесі __________ және _______ деп екі үлкен топқа бөледі.
• ________ - омыртқа жотасының өзегінде орналасқан цилиндр пішінді, ұзындығы 42 - 45 см, салмағы 34 - 38 г.
• Жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы __________.
• Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты ___ бөлімнен тұрады: _________________________________________________________________.
• Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекстер: ____________________________.
• Әрбір ми сыңарларында 4 бөлік бар:___________________________.

III. Сұрақтарға жауап бер
1. Скрипкашының мишығында ісік пайда болды. Ол бұрынғыша ойнай ала ма?
2. Рефлекстік доғаның бөлімдерін көрсет, мысал келтір.
3. Жүйке жүйесіне ішімдіктің әсері

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама