Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Бақытты балалық шақ /әдеби - музыкалық монтаж/
Бақытты балалық шақ /Әдеби - музыкалық монтаж/

Бәрі: Ән «Біз өмірдің гүліміз»

№ 1 Армысың ән ордасы қалықтаған,
Тыңдаған көрермені жалықпаған.
Бақытты балдырғандар біз боламыз,
Ата - ана арқасында шарықтаған.

№2 Жақсының ізіменен гүл өнеді,
Көңіл - күйсіз айнала түнереді.
Тәрбиеші апайлар арқасында,
Самғайды жас дәуірдің өрендері.

№3 Балалық шақ көңілді,
Сүйемін шаттық өмірді.
Бақытты менің бал шағым,
Мерекем бүгін киелі.

№4 Балалардың базары,
Тәрбиеші назары.
Балабақшам «Ақбота»
Ауыл көркі, ажары.

№5 Біз бақшаға барамыз,
Ойнаймыз, ән саламыз.
Тәрбиеші апайдан,
Білім нәрін аламыз.

№6 Бір шаңырақ астында,
Тату - тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.

№7 Алақай – ау, алақай,
Той тойлайық, балақай.
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық, балақай.

№8 Жасыл көктем, сен көктем,
Келді гүлмен, өрнекпен.
Ел бақытты мерейлі,
Балалары әндеткен.
№9 Гүлмен келсін келер күн,
Бала бағы бар елдің.
Балалардың күлкісі,
Көркі, сәні әлемнің!

№10 Ән көмейден құйылды,
Мереке де бүгінгі.
Біздерменен дүние,
Көрікті де көңілді.

№11 Бүгін қызық, бүгін той,
Біздер үшін біліп қой.
Ән де салып, би билеп,
Жалғассын бұл ұлы той.

№12 Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Бір ауылда тұрамыз,
Бір бақшаға барамыз.

№13 Қандай ғажап, қандай көркем,
Қазақстан - туған өлкем.
Осынау байтақ ұлы өлкеде,
Достығымыз жайған өркен.

№14 Құтты болсын мереке,
Арта берсін береке.
Ата - анамыз аман боп,
Жетейік тек жеңіске.

№15 Бақытты біз баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Мерекені біз тойлап,
Мәз - мейрам боп қаламыз.

№16 Ата - анамыз аман болсын,
Бейбітшілік заман болсын.
Күннен - күнге көркейіп,
Ел - жұртымыз аман болсын!

Бәрі: Мереке құтты болсын!

Ән «Бақытты балалық шақ»

«Қош бол, балабақшам!» / Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі/

Жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті меймандар,
Бізбен бірге қоштасуды тойлаңдар.
Гүлдей жайнап өскен балабақшада,
Енді оларды есейді деп ойлаңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама