Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы
Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Менің Отаным - Қазақстан!
2. 7 санының құрамы
3. Щ дыбысы мен әрпі


Сабақтың тақырыбы: Щ дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: оқушыларды щ дыбысы және әрпімен таныстыру, әріптің сөздегі орны туралы түсінік беру.
Щ дыбысы мен әрпі арқылы жазылатын сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дыбыстық, буындық талдау жасату ойлау қабілетін, сөздік қорын, зейінін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ізденушілік.
Сабақтың көрнекілігі суреттер, кеспе әріптер, слайд.

Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу

2. Психологиялық дайындық.
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да.
Шуақпен нұр төгіп,
Көңілді кетті көтеріп.

3. Үй жұмысын сұрау.
Ой қозғау.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Буын дегеніміз не?
Сөздерге дыбыстық талдау жасап, буынға бөлдіру.
Мәтінді буынға бөліп оқу.

4. Жаңа сабақ.
Жұмбақ шешу.
Атқарады талай - талай ісіңді,
Тазалайды киіміңді, тісіңді. /Щётка/
Сөздің басында бізге таныс емес қандай дыбыс естіледі?
- Щ дыбысы /2 - 3рет айту/
- Щ дыбысы - дауыссыз дыбыс

5. Суретпен жұмыс
Мынадай бір асыл бар,
Босы жоқ, тек шашы бар
Болса ондай бұйымның,
Ластанбайды киімің. (киім щетка)

Басы түкті, өзін тіпті,
Әркім керек етеді.
Ойланып көр, осы бір зат
Тіске қызмет етеді (тіс щетка)

Щёткалардың пайдасы туралы әңгімелеу.
Мәтінді оқу, мазмұнын түсіндіру.

6. Сергіту сәті
Біз кішкентай баламыз,
Өніп өсіп толамыз.
Көкке қарап талпынып,
Қанат қағып ұшамыз.

7. Дәптермен жұмыс.
Щ әрпінің жазылуын көрсету.
Щ щ

Щётка, щётка, щёткалар,
Неше түрлі щётка бар:
Бірі тісті жуады,
Бірі шаңды қуады.

8. Бекіту.
«Ш» ма әлде «Щ» ма?
і... ік,... ырын, тұ... ы, а... ы, қай... ы, ғары..., пла..., бор...

9. Қорытынды.
- Біз қандай әріппен таныстық?
- Щ дыбысы қандай дыбыс?
- Щ дыбысы қандай сөздерде кездеседі?
10. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама