Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы
Топтамадағы сабақтар тізімі
1. Қазақстан менің Отаным
2. Сұраулы сөйлем
3. Жалаң және жайылма сөйлем


Сабақтың тақырыбы: Қазақстан менің Отаным
Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу. Өзіндік пікір – көзқарас қалыптастыру.
2. Өлеңдегі сөздердің мәні мен мағынасын түсіне отырып дыбыстық талдау, әрі дыбыстың ерекшелігін білу.
3. Отанды сүю, қастерлеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сатылай - кешенді талдау
Сабақтың көрнекілігі: Сурет мазмұнды сөздер, әріптер, оқулық
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық

ІІ. Өтілген дыбыстарға шолу жасау
Барлығы 27 әріп бар. Оның 10 - ы дауысты дыбыс, 17 - і дауыссыз дыбыс
Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы ережені пысықтап еске түсіру
А, о, ы, і, ә, е, ө, ұ, и, у – дауысты дыбыстар. Себебі..................
Р, л, ш, с, д, т, м, н, ң, ғ, ж, к, қ, б, й, г, з – дауыссыз дыбыстар. Себебі.................

ІІІ. Жаңа сабақ
- Отан дегеніміз не?
- Біздің отанымыз қай ел?
- Қазақстандағы тіл қай тіл?
Сурет бойынша сөйлету

IV. Оқулықпен жұмыс.
1. Өлеңді оқу
2. Тізбектеп оқу

V. Тақтамен, дәптермен жұмыс
Асыл өлкем ерекше, Қазақстан мекенім!
СКТ - технологиясы бойынша «асыл» сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.
Берілгені: Асыл 0 =
Шешуі: Асыл 40 = 2(а, ы) Себебі........
2(с, л)

Қазақстан сөзіне фонологиялық талдау жасау.
1. Айтылуы, жасалу, жазылу жолдарына қарай....................
2. Буын................................
3. Тасымал..........................

VІ. Берілген буындар арқылы сөз құрау, мағынасын ашу, дәптерге жазу.
1. Мау + сым, Е + сіл, жай + лау, ө +зен, Ал + тай
2. Өзен, Отан, ұшқыш, әнші сөздердің ішінен дауысты дыбыстар табу
А, ө, е, о, ұ, ы, ә, і – дауысты. Себебі.........
Тілдің қатысына қарай 8 = 4(а, о, ы, ұ) тіл арты немесе жуан. Себебі............
4(ә, е, і, ө) тіл алды немесе жіңішке. Себебі..........
Жақтың ашылу дәрежесіне қарай. Себебі..................
8 =1(а, ә) ашық. Себебі.... + 3(ө, е, о) жартылай ашық. Себебі.........
Ерін мен езудің қатысына қарай
8 = 3(о, ө, ұ) еріндік Себебі........
5(ы, і, е, ә, а) езулік Себебі.........
VІІ. Қорыту. Бүгін Қазақстан туралы диалог 2 оқушы арасында
- Уа кімсің?
- Қазақ деген елмін, байтақпын кеңмін.
- Қанша елсің?
- 17 млн. бұл күнге мың өліп, мың тіріліп келгенмін
- Қандай елсің?
- Егеменді, бәрін жеңгем енді
- Тілің қандай?
- Қазақ тілі
VІІІ. Мадақтау
ІX. Үйге тапсырма

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама