Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Батырлар жыры «Қамбар батыр» жыры
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Алипова Гүлназ

Қазақ әдебиеті 9 сынып
Тақырыбы: Батырлар жыры. «Қамбар батыр» жыры

Мақсаты: Батырлар жыры, олардың тақырыбы мен ортақ идеясы, халық тарихымен байланысын түсіну, кейіпкерлері, халық арманы туралы түсінік беу. Батырлар жырларын тақырып, мазмұн жағынан өзара салыстыра отырып таныту.
Міндеті - «Қамбар батыр» жырының мазмұнын меңгерту
- Жыр құрылысына талдау жасату
- Шығармашылықпен жұмыстануға жағдай жасау
Күтілетін нәтиже - Батырлар жыры туралы түсініктері толығады
- «Қамбар батыр» жырының мазмұнын біледі
- Мазмұны мен құрылысына жан - жақты талдау жасай алады
- Батырлар жырын өзара салыстыра отырып ерекшеліктерін таниды

Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау ДБЖ: деңгейлік тапсырмалар
А деңгейі бойынша дайындалған оқушылар Қорқыт туралы аңыздан түсінгенін айтады
В деңгейі бойынша оқушылар сыныптан тыс оқыған аңызын мазмұндайды
С деңгейі бойынша дайындалған оқушылар өздері дайындаған презентацияларын қорғайды

Қызығушылықты ояту СТОҮ: Категориялы топтастыру
Батырлар жыры

Алпамыс
Қобыланды
Қамбар
Оқушылар батырлар жыры, олардың ортақ тақырыптары, Алпамыс батыр мен Қобыланды батыр туралы бұрыннан өздері білетіндерін тірек сөздер арқылы топтастырады. Қамбар батыр туралы білетіндері болған жағдайда толтырады.
«Қамбар батыр» жырының желісі бойынша түсірілген анимациялық фильмді көреді.

АКТ: Анимациялық фильм «Қамбар батыр»

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама