Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Бауырлас халықтар музыкасы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
№32 мектеп-гимназиясының
Музыка пәнінің мұғалімі
Мухамедиева Дәмелі Орынбасарқызы

Сабақтың тақырыбы: Бауырлас халықтар музыкасы.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: музыка мен өмірдің, музыка мен тәрбиенің тығыз байланысын түсіндіру. Кавказ халықтары музыкасы, ұлттық аспаптармен таныстыру.
ә) дамытушылық:бауырлас халықтар музыкасын тыңдата отырып, есте сақтау мен ести білу қабілетін дамыту.
б) тәрбиелілік:музыка тыңдау арқылы туған еліне, өз халқымыздың салт-дәстүріне, өзге де ұлт өкілдеріне құрметпен, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап әдісі.
Сабақтың көрнекілігі:аспап, үнтаспа, слайд.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Өткен сабаққа шолу жасау (сұрақтар беру арқылы)
1. Қазақ халқы туралы не білеміз?
2. Кәсіби музыка дегеніміз не?
3. Хор музыкасы, хор дауыстары?
4. Симфониялық музыка дегеніміз не?
5. Опера туралы не білеміз?
6. Классикалық музыка дегеніміз не?
7. Романс дегеніміз не?

Ә. Бейсеуов «Туған жер» Әнді нақышына келтіре орындау

3. Негізгі кезең. Жаңа сабақ
Бауырлас халықтар музыкасы.
Қазақстан жерін әр түрлі ұлттардың өкілдері мекендейді. Қазақтар қай халықты болсын жатырқамайтын, кіммен болса да достық пен сыйластықта өмір сүретін халық.
Біздің жерімізде қандай ұлттар тұрады?
Олай болса, музыкада шекара жоқ, кездесетін кедергілер де болмайды. Ол қайда болсақ та, біздің жұтатын ауамыз, ішетін суымыз секілді ортақ пайдалануға жарайтын өнер. кавказ таулары жөнінде естігеніміз бар ма? Ол шыңдары биік асқар таулар. Табиғатты аса сұлу болып келеді. Біздің Алатау, Алтай тауларына ұқсайды. Онда түрлі халықтар өмір сүреді, әрқайсысының өз мәдениеті, әдет-ғұрпы, дәстүрі бар. Кавказ халықтарының түп тамыры сонау алыс ғасырларда жатқан музыкасы көркем де ойнақы болып келеді. Отанынан жырақта болғанына қарамастан, Қазақстан жеріндегі кавказдықтар өз асыл мұраларын сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама