Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Бауырсақ
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
Мектепке дейінгі "Бөбек" шағын орталық әдіскері
Жүнісова Нұршаш Құсманқызы

Оқу іс - әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бағдарлама тараулары: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: «Бауырсақ»
Мақсаты: Балаларды қиялдағы жағдайға кіруге, жаңа сюжеттік желіні, қимылдардың жаңа түрлерін іздеуді үйрету. Қимыл - қозғалыс жағдайларда тұспалдаудың жылдамдығына мен жеңілдігіне үйрету. Келбетін, тепе - тендігін сақтау дағдыларын жетілдіру.
Екі аяқпен алға қарай жылжып секіруді одан әрі жаттықтыру. Қол - аяқтардың бұлшық еттерін дамыту. Ұжымшылдық сезімдерін тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: үлкен кілем, үстел үстіндегі театр.
Сөздік жұмыс: бір жақ жанмен (қырыңмен) аударылып түсу
Билингвальдік компонент: бір жақ жанмен аударылып түсу - боковой кувырок.

Мотивациялық -қозғаушы
Кіріспе әңгіме: - Балалар, бүгін бізде денешынықтыру ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті театр ретінде болады. Біз сендермен «Бауырсақ» ертегісін ойнаймыз.

Іздену - ұйымдастырушылық
Үстелге «Бауырсақ» үстел театр кейіпкерлерін орналастырып қояды. - Қане, балалар, ертегіні еске түсірейікші.
- Жарайсыңдар. Бауырсаққа жолда әр түрлі аңдар кездесіп отырды. Сендер оларды көрсете аласыңдар ма?
- Қазір сендер шашырап жүгіресіңдер. Мен Бауырсақты жегісі келген аңды атаған кезде, сендер сол аң сияқты қозғала бастайсыңдар.
Тәрбиеші ертегінің кейіпкерлерін атайды. Дұрыс қимыл - қозғалысты жасаған балаларды мақтайды.
Енді дұрыстап шындап ойынды бастайық.
- Қане, колоннаға қабырға бойымен тұрыңдар, бір - бірінен бір үлкен адым қашықтығына.
- Сендер бір жақ жанмен (қырыңмен) аударылып түсу керексіңдер. Өйткені Бауырсақ домалақ ғой, сондықтан қарама - қарсы қабырғаға дейін бір жақ жанмен (қырыңмен) аударылып түсіп домалай керек, ал қайтқанда әр түрлі қимылмен қайтуға болады.
1. Отырып, тізелеріңді қолмен ұстаңдар. Домалаңдар! Домалап келе жатыр Бауырсақ, домалап келе жатыр. Алдынан шығады....
2. Тұрып, «Кім» деп қатты айтыңдар және артқа қарай қояндар сияқты қайтыңдар.
3. Жақсы. Ойынды жалғастырайық. Домалап келе жатыр Бауырсақ, домалап келе жатыр. Алдынан шығады....
4. Тұрып, «Кім» деп қатты айтыңдар және артқа қарай қасқырлар сияқты қайтыңдар.
5. Тамаша. Домалап келе жатыр Бауырсақ, домалап келе жатыр. Алдынан шығады....
6. Тұрып, «Кім» деп қатты айтыңдар және артқа қарай аюлар сияқты қайтыңдар.
7. Жарайсыңдар. Домалап келе жатыр Бауырсақ, домалап келе жатыр. Алдынан шығады....
8. Тұрып, «Кім» деп қатты айтыңдар және артқа қарай түлкілер сияқты қайтыңдар.
Балалар бір жақ жанмен (қырыңмен) аударылып түсуді өздеріне ыңғайлы екпінінде орындайды. Сондықтан «алдына шықты...» деген сөзді соңғы «Бауырсақ» қарама - қарсы қабырғаға домалап жеткенде айту керек.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама