Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.
Сабақтың мақсаты: 1. Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен болғанда бастауыштан кейін сызықша қойылатынын салыстыру тәсілімен түсіндіру.
2. Тапсырмаларды орындау барысында ойлау, талдау, салыстыру арқылы алған білімдерін пайдалана білуді дамыту.
3. Жазу барысында сауатты, әдемі, ұқыпты жазуға және жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ақылды тақта, қима қағаздар
Сабақтың түрі: Жаңа, дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа дайындап, сәттілік сәтін ұйымдастыру.
Көркем жазу: Ққ
Құмсағат
Құмсағат сөзінен сөздер шығарып, жазу.
Терме диктант: (Берілген сөздер ішінен баяндауышты теріп жазу).
Құлыншақ, үшінші, жүгірді, сатушы, сөйлеп тұр, қылқалам, жарқырады, тоқсан бес, ұзындау, мөңіреді, көгілдір.

2. Өткенді қайталау
Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауышты тауып өткенді пысықтау.
Баяндауыш дегеніміз не?
Баяндауыш қандай сұраққа жауап береді?
Баяндауыш қандай сөз табы болады?
Баяндауышқа мысал келтір?
3. Жаңа сабақ
Зат есімнен болатын баяндауыш: Етістіктен болатын
баяндауыш:
Сәуле – биші. Сәуле биледі.
Әділет – оқушы. Әділет оқыды.
Сазан – балық. Балық шоршиды.
Алма – жеміс. Алма пісті.

Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан
кейін сызықша ( - ) қойылады:
Мысалы: Әмір – күйші. Алматы – сәулетті қала.
Сергіту сәті: Далада жел тұрды
Жел қаттырақ соқты
Найзағай жарқ етті
Жаңбыр жауа бастады
Жел баяулады
Жаңбыр да ақырындады
Жел басылды, күн ашылды
1 – тапсырма
Баяндауышы зат есімнен тұратын сөйлем құрастыр:
Ағам - суретші. Атам - ұста. Әкем - жүргізуші. Нағашым - мұғалім.
2 - тапсырма
Керекті сөздермен сөйлем құрастыр:
Абай Құнанбаев - ұлы ақын. Астана - бас қала. Роза Рымбаева -
атақты әнші.
Талап - талмас қанат.

Сергіту сәті: Көзге жаттығу.
Суреттермен сөйлем құрастыр:
Құстар биікке ұшты. Балықтар суда жүзді. Дельфиндер суда
шоршыды.
Жапалақтап қар жауды.
Кітаппен жұмыс: 49 - жаттығу (жазбаша)
51 - жаттығу (ауызша)
Сабақты қорытындылау: «Баяндауыш» сөзжұмбағын құрастыр:

Баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама