Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Баяндауышқа арналған жаттығу жұмысы
Сабақтың тақырыбы: Баяндауышқа арналған жаттығу жұмысы. (презентация түрінде)

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Баяндауыш туралы түсініктерін пысықтау. Бастауыштан кейін қойылатын сызықша жайлы мағлұмат беру. Жаттығу жұмысын жүргізу.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлем мүшелері туралы түсініктерін жан жақты кеңейту. Өз бетімен жұмыс істей білудегі білімдерін арттыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Оқушылардың тіл байлықтарын дамыта отырып, сауатты жазуға, мәдениетті, жүйелі сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дамытпалы сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер: Сұрақ жауап, ой толғау. Көрнекілігі: Слайдтар, сурет, ребустар, қима таратпалар, интерактивті тақта

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын тексеру. 53 жаттығу. Ребусты дұрыс шешсең, мақал шығады.
«Ел іші - алтын бесік»
ІІІ Өткен сабақты пысықтау. «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді»
А) Өткен сабақта қандай тақырып өттік?
Жауап: Баяндауыш, бастауыштан кейін қойылатын сызықша;
ІV Жаңа сабақ.
а) Баяндауыш дегеніміз бастауыштың іс әрекетін білдіреді.
V Дәптермен жұмыс. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» а) 54 - жаттығу. Мақалды түсініп оқы. Мақалдарды бастауыштан кейін сызықша қойып жаз. Баяндауышты тауып, оларға сұрақ қой.

VІ Өз бетімен жұмыс «Еңбек түбі береке»
55 - жаттығу. Өлеңді бастауыштан кейін сызықша қойып жаз. Бастауыш пен баяндауыштың астын тиісті сызықтармен сыз.
VІІ Ұжыммен жұмыс. «Бойы сергектің ойы сергек»
а) Ауызша жұмыс. 56 - жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтінді суреттер арқылы әрі қарай жалғастырып көр. Оспан қандай оқушы? Сұрағына жауап бер. Жауап болатын сөйлеміңнің бастауышы мен баяндауышы зат есімнен болсын.
ә) 57 - жаттығу. Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөйлемді бастауышы да, баяндауышы да зат есімнен болатындай етіп қайта құрастыр.
VІІІ Дидактикалық ойын: «Кімнің ойы жүйрік»
а) 58 - жаттығу. Сөйлемдерді оқып, бастауышы зат есімнен, баяндауышы етістіктен жасалғандарын қызыл себетке, бастауышы да, баяндауышы да зат есімнен жасалғандарын көк себетке жина.
Әнші қыз келді. ------------------------------ Қарбыз - көкөніс.
Күн қызырып батты.------------------------ Аян - биші
Бөдене жақынға ұшады.

ІХ Шығармашылық жұмыс «Білгенге маржан білмегенге арзан»
59 – жаттығу. Сызық бағытымен екі әріп тастай отырып, мақал құрастыр. «Жақсы ата - орман, Жақсы бала - қорған»

Х Қорытынды. а) Біз бүгін не істедік?
ә) Баяндауыш деген не?
б) Сызықша қандай жағдайда қолданылады?
ХІ Үйге тапсырма беру. Сөйлем мүшелерін оқып келу, және баяндауышқа үш сөйлем ойлап жазу.
Х Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама