Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз.

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерімен және жанрларымен оқушыларды жүйелі таныстыру.
ә) Дамытушылық: Бейнелеу өнері жанрларына сурет салған суретшілердің шығармаларын талдап үйрену.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: Альбом, открытка, дидактикалық құралдар, қарындаш, фотоальбом, бояу, қылқалам, т. б.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Бейнелеу өнерінің тарихымен, сан - салалы тармақтарымен таныстыруда бейнелеу өнерінің түрлеріне тоқталудың орны ерекше. Атап айтқанда: графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері.
Графика – қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын сурет.
Живопись – қағаз, тақтай, картон, кенеп бетіне әр түрлі бояумен орындалатын шығарма.
Мүсін – әр түрлі материалдармен дөңгелек көлемді кеңістікте сомдалған көркем шығарма.
Сәндік қолданбалы өнер – халық тұрмысында кеңінен қолданылатын түр - түрі көп өнер. Әрбір халықтың творчествосымен байланысты өнер.
Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелер жобалау және оны жасау өнері.
Бейнелеу өнері түрлеріне, орындалу тәсіліне байланысты бірнеше жанрға бөлінеді.
Натюрморт – жансыз заттар мен бұйымдар бейнеленген көркем шығарма.
Портрет – адамның тұлғалық келбеті бейнеленген көркем туынды.
Пейзаж – табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма.
Тарихи – белгілі оқиғалар мен белгілі кезеңді көркем бейнелеп көрсететін шығарма.
Батальды – соғыс оқиғалары бейнеленген көркем туынды.
Анималистік – хайуанаттар мен жан - жануарлар бейнеленген көркем сурет.

Мына өнер туындыларына қарашы. Суретшілердің туындыларын бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларына қарай, альбомда кесте құрып, бөліп жаз.
Үйге тапсырма беру: Жанрларға байланысты тақырып бойынша сурет сал.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама