Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы
Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы

Мемлекеттің барлық тарихы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мен Отан қорғаушылардың жоғары рухын, батылдығын, ерлігін, жауапкершілігін, ұрыстағы беріктігін қалыптастыру міндеттерін табысты шешумен байланысты. Әскери патриоттық тәрбиелеу - азаматтарға патриоттық тәрбие берудің негізгі бөлігі. Әскери патриоттық тәрбие беру, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді қорғаудың міндеттерін шешу үшін қажетті, патриоттық және рухани - психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға міндетті. Әскери - патриоттық тәрбиелеудің мақсаты - азаматтардың патриоттық парыздың терең түсінігін, Отан қорғауға дайындығын қалыптастыру, және де еліміздің тұтастығы мен бірлігін нығайту, Қазақстан халықтарының достығын сақтау міндеттерін шешуге қабілетті азаматтарды тәрбиелеу.

Жас ұрпақты Отанына, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, олардың бойына сіңіріп қалыптастыру халық тәрбиесінде жетекші орын алады. Патриоттық тәрбие беру арқылы оқушының саналы сезімін көзқарасын қалыптастырады. Оқу орнында патриоттық тәрбиенің тереңдеуі Отанымыздың саналы да белсенді күрескерлерін тәрбиелеуге, оларды еліміздің игілігіне жанқиярлықпен еңбек етуге, республикамыздың мүддесін қорғауға жаңа мүмкіндіктер туғызады. Жастардың Отанды қорғауға даярлау, жас азаматтардың патриоттық тәрбиесінің танымдары мен мінездерін қалыптастыру күрделі және сан түрлі процесс. Оқушының дүние танымын, білімін, көзқарасын қалыптастыруда мектеп шешуші рөл атқарады. Аға ұрпақтың лайықты мұрагері болу үшін жастарға халқымыздың Отан мүддесі жолында жасаған ерлік істерінің ұлылығын жете түсіндіре отыруымыз қажет. Сол арқылы әр жас жігіт, бойжеткен қыз еліміздің келешегі жолында табанды күрескер болуы керек екенін түсінуі тиіс. Ер жүрек адамды, табанды күрескерді тәрбиелеудің негізі мектепте басталады. Әскери - патриоттық, тәрбие - жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдік жағынан даярлау ұстаздар құзырында.
Жалпы патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындау.

Ал Қазақстандық патриотизм - Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады дей келе Қазақстанның патриоты қандай болу керек екенін белгілесек, онда оның ерекшеліктері мынада:
1. Қазақстанда 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады. Көп ұлтты мемлекет. Барлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарайды, шын ниетімен қадірлейді. Қазақстан азаматының Конституциялық құқығын сақтайды. Әрбір ұлттың Қазақстанды ортақ үйіміз деп санай білуі.
2. Қазақстанда тұратын барлық халықтар ұлтына қарамай Отанды қорғауға дайын болуы. Қазақстан халықтары ассамблеясында қабылданған барлық шешімдердің іске асуына өз септігін тигізуі.
3. Бұл әрбір азаматтың тек өзінің конституциялық борышын өтеуі ғана емес, сонымен бірге оның жеке басының қалыптасуы және тәрбиелеу мектебінің қалыптасуына ықпал етуі.
4. Қазақстан халықтарын ұлы державалық патриоттық сезімге ұмтылғызу мақсатында қазақстандық ғажайыпқа сендіру, оны мақтаныш еткізу.
5. Қазақстан Республикасының азаматының Отанын қорғауға деген оң көзқарасын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімін тудыру.
6. Қазақстан Республиканың әскери доктринасына сай Қазақстан халқының мүддесін көздеуде патриоттық сезімдерін ояту.
«Ежелден ел тілегі – ер тілегі, адал ұл ер боп туса – ел тірегі» демекші әр баланың бойында адамгершілік, батылдық, шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін дамытып, жеке тұлғаны қалыптастыруға үлес қосу болып табылады.

Сонымен, жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысы қазіргі білім жүйесінің қажетті компоненті болып табылады. Тәрбиенің күрделі процесінің маңызды бір қыры студенттердің патриоттылыққа бағдарланған тұлғасын тәрбиелеу болуы тиіс. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу тек қоғам мен мемлекеттің сұраныстарына ғана емес, әрбір студенттің дара тұлғалық дамуына бағытталған педагогика ғылымының қазіргі бағыттарына да сәйкес келуі қажет. Өйткені отанға сүйіспеншілік адамның өзін тұлға ретінде сезінуіне, өз елін мақтан тұтуына, өзін онымен байланысты сезінуіне мүмкіндік береді, ал бұл болса, оның өмірде өзіне сенімді болуына, рухани және адамгершілік құндылықтарының артуына септігін тигізеді.

Түменбаев Д. Қ.
Қаратау технология, білім және бизнес колледжі
«Жалпы білім беру пәндер» циклы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама