Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Білім деңгейлерін тексеру
Математика (2 cынып)
Сабақтың тақырыбы: Білім деңгейлерін тексеру
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Алған білімдерін қорытындылау, өтілген материалдарды жүйелеу.
Сыйымдылық, ұзындық өлшем бірліктері, ақша бірліктері туралы білімдерін жетілдіру.
2) Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, бір - бірінің пікірін тыңдауға, ұқыпты, таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: Топтастыру, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: Көрнекіліктер: Жұмбақтар, сөзжұмбақтар, сызбалар, бейнелі суреттер, шығармашылық жұмыс, геометриялық фигура.
Пән аралық байланыс: Дүниетану. Өзін - өзі тану. Ана тілі. Қазақ тілі.

Сабақтың жүру барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
1) Психологиялық дайындық
Терең ғылым сананың,
Тегі деп ой салатын.
Өте жақсы оқимыз,
Математика сабағын.
2) Оқушыларды топқа бөлініп ұрандарымен таныстырдым. Әдеттегідей сабағымыз топ арасында сайыс ретінде өтетінін болғандықтан, онда белсенділік көрсеткен топқа да, әр оқушыға да жұлдызшалар беріліп марапатталатынын айттым

I – топ
Тапқырлар: Ілімі бардың білімі бар
II – топ
Ойшылдар - Оқығанның ойы озық
III - топ
Алғырлар: Білімді мыңды жығады,
Білекті бірді жығады.

II. Өтілген тақырыптарды еске түсіру мақсатында «Ширату» сұрақ - жауап ойыны ойнатылды. деген сұрақтар қоя отырып, оқушылардың ойларын жинақтап алдым. Жақсы қатысқан топқа, әр топтан өте жақсы жауап берген оқушылар тиісті жұлдызшаларын алды.

III Жаңа сабақ
1) Оқулықпен жұмыс №1
Берілген сандардың құрамын тауып 3 топ ауызша орындайды. (Бұл сайыста өте жылдам орындаған Алғырлар тобы 1 жұлдызша алды, дұрыс жауап берген жеке оқушыларда тиісті жұлдызшаларын алды)

2. Сөзжұмбақ шешу «Метр»
1. Тік төртбұрыштың қабырғаларының қосындысы?
2. Түк білмей барасың,
Тәлімін аласың.
Есейіп кетсең де,
Қарыз болып қаласың.
3. Ең үлкен салмақ өлшем бірлігі?
4. Сыйымдылық өлшем бірлігі?
«Метр»- сөзі шығады. Енді осы жерде ұзындық өлшем бірліктері туралы қысқаша мағлұмат бердім. Бұрын осы метрліктер яғни бірліктер болмағанда ата -
бабаларымыз қолымыздағы саусақтарды, шынтақ, қолтық, табан, аяқ адымын т. б. пайдаланып есептейтін болған.

3) Осы көне ұзындық өлшем бірліктер байланысты.
I - топ Қарыс Тапқырлар
II - топ Құлаш Ойшылдар
III - топ Адым Алғырлар сөздің мағынасын түсіндіру ойлауға 1 минут
I - топ «Қарыс» - Бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері.
II - топ «Құлаш» Иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының арасы
III - топ «Адым» Білу үшін шырағым,
Білмегенді сұрағын.
Бір аттасаң алдыға,
Сол болады бір адым.
Адым - жүру кезіндегі екі аяқтың аралық ұзындығы (қадам)
/Дұрыс әрі бірінші түсіндірген топты марапаттадым/

4) Енді осы ұзындық өлшем бірліктеріне байланысты берілген №3 мазмұнды есепті орындаймыз
Шарты: Терек - 15 м
Үйеңкі -? 5 м аласа
Шешуі: 15 - 5=10
Жауабы: 10 м
/Ватман қағазына әр топ орындап, түсіндіреді/ Бағалау.
5) Осы суреттен біз қай мезгілді байқап отырмыз. Ендеше «Күз» туралы не білеміз? Ойымызды ортаға салайық. (Оқушылар күз туралы өз ойларын айтты).

6) Ауа - райындағы болатын өзгерістерді ата - бабаларымыз табиғатқа, аңдар, үй жануарлары құстарға қарап болжайтын болған.
Мысалы: • Құс жүнін үрпитсе - жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
• Сары шымшық ысқырса - шынымен күз болғаны.
• Шымшық ұя салса - қыс қатты болады.
• Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады

7) Ендеше осы құстарға байланысты мынандай сергіту сәтін орындай қояйық.
Күнге қолды созамыз,
Қанат қағып ұшамыз.
Қарлығаштай қалықтап,
Көгершін болып қонамыз.

8) Осы құстар қанатына байланысты біздің ата - бабаларымыздың ұлттық ою өрнегі бар,
кәне мына геометриялық фигураларды пайдаланып «Құсқанаты» оюын құрастыра
қояйық.
Шығармашылық тапсырма Құс қанаты (Бірінші қатесіз, жылдам орындаған топты марапаттау, яғни Ойшылдар мен Алғырлар тобы дұрыс орындап бір - бір жұлдызшадан алды. Ал, Тапқырлар тобы құстың қанатын қате орналастырғандықтан олар ұпай алған жоқ)

9)- Оқушылар, біз күз мезгіліндегі үш айдың атауларын тағыда қалай атаймыз?
Қыркүйек - Ерте күз
Қазан - Алтын күз
Қараша - Қара күз деп атаған екен.
Ендеше осы қазан, қараша, айларына байланысты берілген оқулығымыздағы №4 есепті орындаймыз.
I - топ оқулықтағы берілген бойынша есеп құрастырады.
II - топ кері есептер құрады.
III - топ кері есеп құрады.
10) Жұмбақ шешу.
Қыста ғана болады,
ұстасаң қолын тоңады (қар)
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)
Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Ауызы жоқ ұлиды (боран)

11) Қыс туралы оқулықта берілген қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыру.
12) Білгенге маржан
Әр топқа 5 сұрақтан қойып, ойларын жинақтап дұрыс жауап берген жеке оқушыны, топты марапаттадым.

13) Дәптермен жұмыс Салыстыру №6
I - топ ------------------------ II – топ ----------------------- III - топ
6кг+6кг*13кг -------------- 12кг - 7кг*5кг --------------- 9кг+7кг - 8кг+8кг
10л+20л*30л ------------- 50л - 30л*100л - 10л ------- 40л - 10л*100л - 40л

14) Қорытындылау
Ойын «Асық»
Өтілген тақырыптар бойынша әр топтан бір - бір оқушыдан шығып қоржындағы асықтарды суыра отырып, онда берілген сұрақтарға жауап берді.
1. 1дм неше см бар?
2. 2 нүктені қосса не шығады?
3. Барлық сатып алынған заттар бағасының қосындысы қалай аталады?
4. Қазақстанның ақшасы қалай аталады?
5. Ең үлкен екі таңбалы сан?
6. 1 аптада неше күн бар?
15) Үйге тапсырма:

16) Бағалау
17) Аспанымыз ашық, күніміз жарқын болсын деп тақтада ілінген күн бейнесінің айналасына оқушылар бір - біріне қағазға тілектерін, сабақтан алған әсерлерін жазды.
Жаннет - Біздің топ жеңді. Мен тобымды мақтан етемін!
Азамат - Тапқырлар жеңді. Математика сабағы қатты жақсы көремін!
Т. Мадина - Біз күнде ойын ойнағанда жеңіске жетеміз. Ойшылдар тобы алға!
Арай - Ойшылдар тобы алға. Бұл сабаққа Амир мен Мадина жақсы қатысты.
Алина - Маған бүгінгі сабақ өте қатты ұнады. Бүгін біздерге жарыс өткізді. Біз екінші орын алдық. Тапқырлар жарайсыңдар! т. б.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама