Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Білім министрі: Сапасыз жоғары оқу орындарын жабу жұмысын ары қарай жалғастырамыз

Кадрларды даярлауға арналған гранттар сұранысқа ие бағыттарға ғана бөлінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Жоғары білім беруде кадрларды даярлауға арналған гранттар сұранысқа ие бағыттарға ғана бөлініп, кәсіптік бағдарлау жұмысы күшейтіледі. Кәсіптік стандарттар мен атлас негізінде жаңа бағдарламаларды әзірлеп енгіземіз», — деді Асхат Аймағамбетов.

Оның атап өтуінше, жоғары білімнің сапасын арттыру үшін педагогтарды, дәрігерлерді, заңгерлер мен сәулетшілерді даярлайтын университеттерге ерекше біліктілік талаптары енгізіледі.

«Бұған қоса академиялық адалдықты бұзғаны және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін лицензиядан айыруға дейінгі жауапкершілікті нормативтік-құқықтарға бекітуге дайындадық.Сондай-ақ мемлекеттік бақылау жөніндегі заңнамаға лицензиялау және тексеру тәртібін өзгерту, лицензияларды қайтарып алу рәсімі бойынша нормаларға өзгерістер енгіземіз. Сапасыз жоғары оқу орындарын жабу жұмысын ары қарай жалғастырамыз», — деді министр.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама