Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Білім министрлігі қандай мұғалімдердің еңбекақысы өсетінін түсіндірді

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша бюджет тарапынан қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне, еңбек ақы төлемдері туралы ережеге өзгерістер енгізді. Тиісінше, ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдердің базалық еңбек ақысына қосымша төлем жасалады.

"В1-Intermediate, B2-Upper-Intermediate немесе  C1-C2-Advanced деңгейлеріне сәйкес APTIS, IELTS, TOEFL жүйелері бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар және тілдік деңгейі  пәндерді ағылшын тілінде оқытуға  мүмкіндік беретін диплом қосымшасы бар, физика, химия, биология, информатика пәндерінен сабақ жүргізетін  мемлекеттік білім беру мекемелері мұғалімдерінің базалық еңбек ақысына 200% көлемде қосымша  төленеді", — делінеді бұйрықта.

Қосымша төлемақы 2017 жылы 1 қыркүйектен бастап төленеді.

Қазақстанның мектептерінде 2017 жылы 1 қыркүйектен бастап бірқатар пәндерді ағылшын тілінде жүргізу қолға алынды. Тәжірибе нәтижесі бойынша ағылшын тілінде сабақ берудің соңғы кестесі бекітіледі. Республикада пәндік мұғалімдерге ағылшын тілін оқыту жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Sputnik Казахстан


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама