Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Білімді бала қыр асар, Құтты болсын, тілашар!
Сабақтың тақырыбы: Білімді бала қыр асар, Құтты болсын, тілашар!
Сабақтың мақсаты: Ана тілімізде таза сөйлеуге, өз ойларын еркін айта білуге, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Өз ана тілін құрметтеп, қадір тұтуға баулу, адамгершілікке, өз тіліне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Көрнекі - құралдар: суреттер, нақыл сөздер, шарлар
Жүргізуші:
Ана тілі - біздің өз тіліміз. Өзімізге ыстық, өте жақын тіл. Осы тілде ең алғаш анамыздың әлдиін естідік. Ең алғашқы дыбысты осы тілде айттық. Біздің қазақ тілі - өте бай тіл. Қазақтан небір шешендер, ел басқарған көсемдер, ел билеген билер, ақындар дүниеге танымал болды. Тіліміздің мәртебесі биік. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қабылданды.
«Тілім менің тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы», демекші тіліміз барда өз ойымызды еркін айта аламыз.
Келер ұрпақ өз тілін құрметтеп, өз тілінде таза сөйлесе, тіл де өмір сүреді.
Кезекті оқушыларға берейік.

Сандуғаш:
Мейірі мол балаға,
Барлық, барлық анаға
Басымызды иеміз.
Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп
Ана тілін,
Ана тілін,
Ана тілін сүйеміз!

Нурлыбек:
Қазақ тілі өте бай тіл

Гульжанай:
Ана тілім айбыным,
Тілі ғой бұл бабамның
Осы тілде естідім,
Әлдиін де анамның.

Қазна:
Бал қаймақтай тәтті сөз,
Қара тастай қатты сөз
Абай айтқан ақын сөз,
Бауыржан айтқан батыл сөз.

Нұржан:
Ең тәтті де тіл,
Ең ащы да тіл
Ең қатты да тіл
Ең жұмсақ та тіл.

Берік:
Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім мен де өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Айнұр:
Ана тілің біліп қой,
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

Ақылбек:
Тілім менің аппақ ән,
Тілім барда мақтанам.
Бірлігіңді бүгінгі,
Ана тілім сақтаған.

Дариға:
Өсірген ой білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді.

Бәрі хормен
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Өлең «Үйретеді»

Қорытынды
Біз тіліміз арқылы көп нәрсеге қол жеткіземіз. Тілімізді шұбарламай таза сөйлеу бізге үлкен міндет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама