Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Сабақтың тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ»
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдығын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу, туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтеуге, жан - жақты білімділікке баулу. Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, қима әріптер, топ аттары, төс белгі, қораптар.
Әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, болжау.
Типі: білімді бекіту.
Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, қазақ тілі, математика, дүниетану.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сайысқа 2 топ болып, бүкіл сынып қатысады.

Жоспары:
І. Кіріспе. Әр топ өздерінің тобын, ұранын айтып шығады.
ІІ. «Өлең – сөздің патшасы» Мәнерлеп оқу сайысы.
ІІІ. «Тапқыр болсаң, тауып көр». Ұяшықтарды жасырылған мақалды аяқтау.
IV. Қызықты төрттік. 4 пән бойынша сұрақтар беріледі.
V. «Өнерлі өрге жүзер». Екі топ өз өнерлерін көрсетеді.
VI. Қорытынды.

Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар: Бүгінгі «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ» атты сайыс сабаққа қош келіпсіздер!
Бұл сайысқа екі топ қатысады.
1 – топ «Білім»
2 – топ «Ғылым»
Ал енді сайысымыз әділ де шыншыл өту үшін әділ - қазылар мүшелерін сайлайық.
Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөз бар. Ойын ережесі 6 айналымнан тұрады. Ал балалар мен алдарыңа қима әріптер қоямын, сол әріптерді ретімен дұрыс қоясыңдар өте мағыналы сөз шығады. Сол сөз сендердің топтарыңның аты.
- Қане қай топ бірінші құрастырса, сол топ бірінші бастайды.
Ал қанекей сайысты біз бастайық. Өзімізді таныстырып тастайық. Топтар өздерін таныстырып өтсін. Ең жоғары баға - 5 ұпай.

1 - Топ. Біздің топ «Білім»

Топтың ұраны:
«Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар»

Топ басшысы:
Көңілді тапқырлар, білгіштер,
Бар өнерін алдарына салады.
Кім біледі, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жетелер,
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.

2 – топ. Біздің топ: «Ғылым»

Топтың ұраны:
«Ғылым деген – бір бұлақ,
Көлшілер көзін ашпаса»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама